Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қыс» өлеңі

04 ақпан 2017, Сенбі
Тақырыбы: «Қыс».
Мақсаты:
1) Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу.
2) Балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету.
3) Балаларды табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын орай таратты.
Армысың, алтын Күн,
Армысың, аппақ қыс.
ІІ. Мақсат қою.
«Қыс»өлеңімен таныстыру.
III Жаңа сабақ
- Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қазір біз ақын ағаларың Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
- Жылдың төрт мезгілін бірі - қыс. Қыс – суық, қарлы, аязды болады. Қыста қар жауып, аяз болып, ағаштарға қырау тұрады. Ол табиғаттың өзі жасаған шеберлігі.
Сергіту сәті.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбайтын суықтан.
Қардан жасап аққала.
Сырғанаймын шаттана.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.
Дидактикалық ойын:
«Сыңарын тап». Ойынның шарты: бірнеше қыстық киім берілген, сол киімдердің ішінен сыңарын тауып қою керек.
V Бекіту кезеңі
- Қыстың ерекшеліктерімен таныстыру.
- Балалар біз қандай өлеңмен таныстық?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
VI Балаларды мадақтау

Көксерек әңгімесінің тақырыбы – табиғат пен адам. Екеуінің арасындағы қарым қатынас. Шиеленістіріле суреттелген. Басты кейіпкер - Құрмаш қасқыр күшігін асырап алып ит етпекші болады. Қолға үйренбеген түз тағысы өзінің жыртқыштығын дәлелдейді. Ең соңында өзі асыраған Көксеректің қолынан Құрмаш қаза табады. Осы әңгімеге байланысты көркем фильм түсірілді. Кино мен әңгіме арасында ұқсастықтар және айырмашылықтар бар. Көркем фильм 1973 жылы түсірілген. Құрмаш рөлінде Қ. Қайырғалиев ойнайды. Басты рөлде: Құрмаштың нағашысы қырғыз актері Б. Сүйінқұлов ойнаған басқа рөлдерде қазақ әртістері ойнаған кино Алматы жерінде түсірілген. Киноның негізгі мақсаты: адамзат баласы табиғатты қорғау керек екендігін баса көрсете білуі. Табиғат пейзажы адамдар шынайы бейнеленген. Кино зерттеушілердің жоғарғы бағасына ие болған.

Қарағанды облысы, Атасу кенті,
М.Жұмажанов селосы,
Жаңаарқа жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Тажикенова Назгуль Муратовна
5 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Шана. Қыс қызығы
Шана. Қыс қызығы
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Ақ ұлпа қар
Ақ ұлпа қар
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Міне, қандай аққала!
Міне, қандай аққала!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі Шенгелбаева Жанар
Армысың, қыс қонақ!
Армысың, қыс қонақ!
Қоңырова Нағира Аманқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×