Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Қош келдің, жаңа жыл!

Қош келдің, жаңа жыл!
Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Күлкі естіледі.
Шырша:
Бұл кім?
Ұлпа қарлар
Бұл біздер Ұлпа қарлар.
(аяқтарында ролик киіп шыршаны айналып ән айтады.
Шырша көңілсіз тыңдап тұрады.
Ұлпа қарлар.
Шырша, шырша қыс келді, ауа райы ақ жамылды сен неге көңілсіз тұрсын.
Шырша:
- Қыс пен бірге жаңа жылда келеді. Ал мен болсам әнделген жоқпын, Тұрысым мынау. Қар жамылып.
Сыпыртқы ұстап, аққалалар кіреді
Аққалар:
- Мына қардың тынбауын ай.
Би: «Аққаламен ақшақар»
Шырша ренжіме, біз сізді сәндейміз. Ақшақар мен аққала шыршаны сәндейді.
Шырша:
- Достарым, рахмет сіздерге.
- Ән салып Аяз ата мен ақшақар кіреді.
Ақшақар: Ата, ата қараңызшы қандай әсем шырша
Ия қызым өте сұлу шырша екен, міне қызым, жаңа жылда келді орман тұрғындарын шақырып, жаңа жылды қарсы алайық. (кетіп қалады)
Екеуі үлкен, қар көмпешігіне отырады. Бір мезетте қоян зыр етіп өтіп шығады. Қасқыр соңына қуып келіп қақпанға түседі. Қасқыр ұлып, қақпанды әрі бері жұлқылап шыға алмайды.
- Қоян жан көмектесші.
Қоян:- Қарқылдап күліп, обалын өзіне, енді солай жат.
- Көмектессең саған тимеймін.
-- Жоқ, жоқ сен менің де, көжектерімді де жегің келген, енді солай отыр.
- Ант беремін, енді саған да, көжектеріне де тілеймін. Қоян қасқырды босатады, қасқыр қоянды.
-«Әй сенің мазағың ба»- деп бас салып жейін деп жатқанда Аяз ата мен Ақшақар, балалар (аң костюмдерін киген келеді)
Аяз ата: - Әй, қасқыр әлсіздерде тиеме оған қамқор бол. Сиқыр таяғыммен қайырып тастаймын.
- Кешіріңіздерші енді тимеймін.
Аяз ата:
Келің барлықтарын жаңа жылды қарсы алайық.
Ән: «Шырша жыры»
«Аңдар» биі»

Аяз Ата: Керемет балалар! Қараңдаршы, балалардың киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

- Тікұшақ дауысы естіледі. Балалар жаң жағына қарайды.
- Бұл кім?
- Эй, эй бұл менмін.
Карлсон.
- Құрметті Аяз ата, сіздерге біз жаңа жыл тойлауға қонаққа келе жатырық.
Аяз ата, -«Қош келдіңіздер!»
Карлсон:
Думаны жаңа жылдың жалғасады
Көрсетіп өнерлерін таласады
Бубенмен би билейді өнерпаздар
Мерекенің шырайын би ашады
Би «Көңілді бубен биі» орындалады.
Ақшақар: Ал, балалар, балалар
Ортамызда жарқыраған шырша бар
Шыршамызға арнап өлең айтайық
Сұлу көркін мадақтайық, мақтайық.

Жап - жарық қып бар маңды,
Шыршамызға шам жанды
Әніміз бен биіміз
Әрі қарай жалғанды.

Би «Жаңа жылдық полька» орындалады.
Бала: Өзгермейді қыс келсе де,
Бояуын да оңдырмайды.
Аяз шымшып тістесе де,
Жапырағын да тоңдырмайды.
Көрікті шыршамыз
Шамдары самсаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап ән.

Бәрі қосылып
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасының тәрбиешісі
Оразова Ляззат Кабыловна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 304
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 302
Роботтар: 4
Айс aibekmataev
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика