Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)

19 желтоқсан 2023, Сейсенбі
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру.
Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелеу: Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Балалар көңілді әуен ырғағымен әсем безендірілген залға келіп кіреді.
Жүргізуші:
- Құрметті ата - аналар, балалар және әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін!
Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл - қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз.

Ән «Шырша жыры»
Келесі кезекті тақпақтарға берейік.
Ернұр. Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын!

Абилмансұр. Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!

Бегарыс. Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Димаш. Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Ажар. Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

Жүргізуші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Саян: Аяз - Ата келе ме,
Бізге сыйлық бере ме?
Мелина: Әрине, ата келеді.
Бізге көп сыйлық береді.

Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Жүргізуші: тың - тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.
Қардың сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап,
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар, Тауық жылы кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым!
Қандай әсем жүздерің!
Қандай мөлдір көздерің!
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр - ау демалғым.

Жүргізуші:
- Қош келдіңіздер! Аяз - Ата мен Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер ғой,
дем алып отырыңыздар, ал біздің бүлдіршіндеріміз сіздерге өнерлерін
көрсетсін.

Жүргізуші: Балалар бізге келе жатқан қай жыл?- тауық жылы
Тауық жылы:
Армысыздар балалар,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Жақсылыққа бағыт алған,
Тауықпын мен жаңа жыл.

Аяз - Ата:- Балалар, неге шыршаның шамдары жанбай тұр, мен сиқырлы таяғымды алып, шамды жағайыншы.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.(балалар да қосылады)
Балалар «бір, екі, үш»дегенде шыршаның оттары жанады

Ән «Аяз - Ата сыйлығы»
Нариман: Аяз - Ата ойды, қырды,
Аралап жүр түгел шолып.
Қарап алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып,
Қайда қызық болса думан.
Аяз - Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Исатай: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылға жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!

Сүндет: Настоящий Дед мороз
Дарит нам игрушки
Он на санках их привез
Из своей избушки.

Иманғали: Все вокруг сияет,
Все вокруг блестит.
Новый год шагает
В гости к нам спешит.

Али: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!

Би: «Қуыршақтар»
Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар. Билерің керемет екен.
Ойын: «Кім шапшаң»
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпақтарымызды айтайық.
Беибарыс: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Аяз ата: Сағынғаныңнан айналдым! Азамат бол!
Марлен: Долгожданный Новый год
Мы встречаем вместе
Будет дружный хоровод
И стижки, и песни
Мелина: Колокольчики звенят,
Елочка сияет,
С Новым годом Дед Мороз
Деток поздравляет.
Ж. Ақниет: Дед мороз пришел к ребятам
И снегурочка с ним рядом
Мы их очень сильно ждем,
Этим новогодним днем.
Іңкәр: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Дилназ: Елка наряжается,
Праздник приближается
Новый год у ворот
Ребятишек елка ждет.
Би «Сантаклаустар биі» орындалады

Жасыл шырша жанында (ертеңгілік) жүктеу
3 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл көңіл күй ортасын ұйымдастыру, хормен және жеке ән айту шеберліктерін айттыру, би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру, қайырымды іс жасауға
Жаңа жыл!
Жаңа жыл!
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп, шыршаны айнала тұрады. Арамыздағы құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сәлем, Жаңа жыл!
Сәлем, Жаңа жыл!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×