Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!

08 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Залдың іші күз мезгіліне сай етіп безендірілген.
Мақсаты:
Білімділік: Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру.
Тақпақтарды мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Би элементтерін нақты орындауға жаттықтыру
Дамытушылық: әндерді музыка ырғағымен айтуға талпындыру, ойындарға
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелеу: ертегі сахналағанда кейіпкерлердің дауыс ырғағына келтіріп айту дағдысын жетілдіру, балалардың мерекелік көңіл - күйін көтеру.

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеледі халыққа бар молшылық.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар. Бүгінгі
«Алтын күз, әсем айналам еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алдымен №3"Жұлдыздар" ересектер тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Әдемі әуенмен балалар залға кіреді.
Ән: «Күзгі жапырақ»

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын,
қулығымды асырам.
Егерде жұмбақты шешсеңіз.
Қонағымды шақырам.
Жиын - терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз) - балалардың жауабы.
Дұрыс - ақ, олай болса мен уәдемде тұрып, қонағымды шақырайын.

Дұрыс шештіңдер, балалар. Бізге мол өнім, жеміс - жидегін, алтын астығын сыйға тартқан күзімізді көргілерің келе ме? (балалардың жауабы)
Ендеше ортамызға Алтын күзімізді шақырайық!
Келші, келші, Алтын күз!
Келші, келші, жарқын күз!
Музыка қосылады. Күз ханшасы тербеліп, билеп кіреді.
Күз ханшасы: Сендердің мені шақырған дауыстарыңды естіп, орталарыңа келіп тұрмын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшасы! Бізге мол жемісіңді, қамба толы астығыңды сыйлап, ел байлығын арттырдыңыз, сол үшін біз сізге ризамыз, шексіз алғыс айтамыз. Сондықтан да балалардың өзіңізге арнаған әсем әні мен тақпақтарын қабыл алыңыз!

Тақпақтар:
Мөлдір:
Қайтқан құсты көрдің бе?
Ұшқан әуелеп,
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп.
Исатай:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Р. Ақниет:
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Марлен:
Күз айлары тамаша,
Қыркүйек, қазан, қараша.
Сары кілем, бейне бір,
Жердің беті қараса.
Жүргізуші: Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Балалар жауап береді.
Жүргізуші: Күз ханшасы біздің балаларымыздың дайындаған әндері тақпақтары, билері бар соны тамашалаңыз. Кезекті биге берейік.
Би: Вальс.
Тақпақтар: ағылшын тілінде.(Марлен, Нариман, Сүндет, Иманғали)
Ән" Күз жомарт"

Тақпақтар:
Саян: Қандай өзі береген,
Алмасын - ай алмасын.
Жемісі қөп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.
Нариман: Өрік, шие, балы бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Іңкәр: Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.

Ойын: "Кім тез жинайды?".
Ойынның шарты: Жемістер мен көкөністерді себетке жинау.
Би: "Саңырауқұлақтар".
Жүргізші: - Айтыңдаршы балалар, күзде не жауады? (балалардың жауабы)
- Ендеше тобымыздың кішкентай бүлдіршіні Мөлдірдің орындауында
"Жау, жау жаңбыр" әнін тамашалаңдар.
Жүргізуші:- Ендеше кезекті тақпақтарға берейік.
(балалар тақпақтар айтады)
Ән:"Бақша әні"
Би"Джентельмен"

Тақпақтар:
Иманғали: Күні - түні бір тынбай,
Тербеліп толқындай.
Диқанға бас иіп,
Тұрғандай мол бидай.
Ажар: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Арай: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та.
Қап - қап қауын алдық біз.
Жүргізуші:- Ендеше балалар, "Мақтақыз бен мысық" ертегісін сахналаймыз. Кейіпкер балаларды ортаға шақырамын.
Кейіпкерлер: Мақтақыз - Ақниет, мысық - Саян, сиыр - Нариман, ағаш - Дильназ, қыздар - Іңкәр, Ажар, дүкенші - Иманғали, тауық - Марлен, тышқан - Ақниет.
Жүргізуші:- Жарайсыңдар балалар, енді кезекті ән мен биге берейік.
Ән"Осень, осень к нам пришла"
Би: Заманауи.
Күз ханшасы: Балалар сендер тақпақтарды, әндерді жақсы айттыңдар, ертегіні де жақсы сахналадыңдар, маған сіздердің мерекелерін ұнады, бірақ сіздермен қоштасатын кез де келді. Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші:- Балалар, сендер мерекеге жақсы қатыстыңдар. Осымен "Алтын күз, әсем айналам еліне береке, сыйлаған!" атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеледі халыққа бар молшылық.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар. Бүгінгі
«Алтын күз, әсем айналам
еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алдымен №3"Жұлдыздар" ересектер тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Әдемі әуенмен балалар залға кіреді.
Ән: «Күзгі жапырақ»
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын,
қулығымды асырам.
Егерде жұмбақты шешсеңіз.
Қонағымды шақырам.
Жиын - терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз) - балалардың жауабы.
Дұрыс - ақ, олай болса мен уәдемде тұрып, қонағымды шақырайын.
Дұрыс шештіңдер, балалар. Бізге мол өнім, жеміс - жидегін, алтын астығын сыйға тартқан күзімізді көргілерің келе ме? (балалардың жауабы)
Ендеше ортамызға Алтын күзімізді шақырайық!
Келші, келші, Алтын күз!
Келші, келші, жарқын күз!
Музыка қосылады. Күз ханшасы тербеліп, билеп кіреді.
Күз ханшасы: Сендердің мені шақырған дауыстарыңды естіп, орталарыңа келіп тұрмын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшасы! Бізге мол жемісіңді, қамба толы астығыңды сыйлап, ел байлығын арттырдыңыз, сол үшін біз сізге ризамыз, шексіз алғыс айтамыз. Сондықтан да балалардың өзіңізге арнаған әсем әні мен тақпақтарын қабыл алыңыз!

Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған! жүктеу
2 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Күз ғажайыбы
Күз ғажайыбы
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер!
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Армысыздар ұстаздар мен ата - аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×