Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды лақ

09 наурыз 2018, Жұма
А. Ж. Жумадилова
Көркем әдебиет
Ақылды лақ
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ақылды лақ
Оқу іс – әрекетінің мақсаты:
1. Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету;
2. Балалардың сөздік қорларын молайту;
3. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: ертегі желісі бейнеленген суреттер, демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері.

Оқу іс – әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балалардың көңілін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері: Төрт түлік жыры
Шөре – шөре, шөлдедің бе, лағым,
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.

Кіріспе әңгіме:
- Балалар үй жануарларына не жатады?
- Қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
- Мына жайлаудағы суретке қараңдаршы. Үй жануарлары төлдерімен жайылып жүр екен, осы үй жануарларының төлдерін атайық.
- Түйенің төлі – ботақан,
Қойдың төлі – қошақан,
Ешкінің төлі – лақ,
Жылқының төлі – құлын,
Сиырдың төлі – бұзау.
- Мен сендерге өлең жолдарын оқимын, ал сендер қай төл туралы сөз болғанын айтыңдар.
Шөре, шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым,
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың, - деп неге айтамыз?
- Лаққа.
- Ендеше, сендерге үй жануарларының бірі «Ақылды лақ» туралы ертегі оқып берейін.
«Ақылды лақ» ертегісін мәнерлеп оқу.
Сұрақ – жауап арқылы ертегі мазмұны не жайлы екенін білу.
- Ертегі қалай аталады?
- «Ақылды лақ»
- Ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Лақ қайда барды, не үшін?
- Суға барды, су ішуге.
- Ол судың ішінде нелерді көрді?
- Қолтырауындарды көріп, өзіне қауіп төнгенін түсінеді.
- Өзін жегелі келе жатқан қолтырауындарды көрген лақ не істеді?
- Сендер ешкінің етін жеген аңның өліп қалатынын білмеуші ме едіңдер? Өйткені, ол дәрі ғой. Егер мені жегілерің келсе сандарың отызға жетсін. Сонда ғана жеулеріңе болады, - дейді.
- Сол кезде қолтырауындар не істейді?
- Қолтырауынның біреуі лақты күзетіп, қалғандары жан – жаққа қолтырауын іздеп кетеді. Сәлден соң қолтырауындар келіп, лаққа ауыз салмақ болады.
- Қолтырауыннан қорыққан лақтың әрекеті қандай болады?
- Осы кезде лақ олардың нешеу екендігін, өлсе де өзін қанша қолтырауын бөліп жегенін білгісі келетінін айтады.
- Қолтырауында келісе ме?
- Қолтырауындар келісіп, өздерін санатады. Бұзау оларды қанша санаса да олардың санынан жаңылып, бірінің соңынан бірі тізіліп тұруларын өтінеді. Сөйтіп, оларды өзен жағасына дейін тұрғызып, санайды. Ең соңғы қолтырауынның тұсына келгенде лақ бір секіріп жағаға шығады да, жүйткіген күйі жөніне кетеді.

Сергіту сәті: Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең – секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп – ақ,
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей – ақ кей уақ?
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
1. Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
2. Қай тай лақтай?
Қай лақ бармақтай?
Оқу іс – әрекетін қорыту: Сабақ туралы әр баладан өз ойын сұрау, барлық балалардың сөйлеуіне мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: малдың төлдерін қалай атау керектігін.
Меңгереді: көркем әдеби тілде сөйлеуді.

Ақылды лақ. жүктеу
3 075
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ақылды лақ ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Ақылды лақ ертегісі
Ақылды лақ ертегісі
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту, көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Халқымыздың төрт түлігі
Халқымыздың төрт түлігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×