Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспарлары (Көркем әдебиет)

31 наурыз 2018, Сенбі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы № 1
Тобы: «Ақниет» ересектер тобы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Білімің - бұлағың» (Өлеңмен танысу)
Мақсаты: балабақшаға, мектепке барған балдардың қуанышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің - бұлағың» өлеңін оқып үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру; Барлық адамдардың – ақын да, ғалым да, бәрі мектептен, балабақшадан білім алатыны туралы балаларға айтып беру; Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер қажет құралдар: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі - сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды.
Билингвальды компонент: білім – знание, ұстаз – учитель.

Ұйымдастырушылық - оятушылық
Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге тұрғызады.
- Шеңберге тұрғанда бір - бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір - бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық.

Ұйымдастырушылық - ізденістік - Балалар, бүгін – ерекше күн!
Бүгін – Білім күні!
Барлық балалар мектепте, балабақшаға барды.
Балабақша – бұл екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі, ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерің үшін балабақшада, мектептен көп нәрсе үйреніп, білім аласыңдар.
Балабақшада және мектепке барғанда көптеген дос табасыңдар.
Тәрбиеші апайларың сендерді өзінің баласындай мәпелеп тәрбиелейді, білім береді.
- Енді, балалар, ақын Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің - бұлағың» деген өлең жолдарымен танысамыз.

Қанатым талмайды,
Қиялым самғайды.
Ақын да, ғалым да
Ұстазсыз болмайды
Мереке күніңмен
Құттықтап бүгін мен
Ойыма ой қосам
Сен берген біліммен

Сөздік жұмыс
Тәрбиеші балаларға қиялымда, самғайды сөздерін 2 - 3 рет қайталатып, түсіндіреді. Қиялым самғайды сөзі елінің өркендеп өсуін армандау мағнасын білдіреді. Білімді деп кітапты көп оқитын, кітапты ұқыпты ұстайтын, көп ізденетін адамды айтамыз.
Қанатым талмайды – ерінбей іздену. Ақын да, ғалым да мектептен білім алып шыққандығын түсіндіреді.
Билингвальді компонент:
білім – знание
ұстаз – учитель

Сергіту сәті
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталату.
Білім бұлағың деген сөздердің мағнасын түсіндіріп қайталау.
- Білімді деп қандай адамды айтамыз.
- Сендерді кім оқытады?
- Нені үйретеді?

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Дидактикалық ойын:
«Ғажайып қоржын».
Ойынның шарты: ғажайып қоржынның ішінде бірнеше заттар: ойыншықтар, оқу құралдары бар. Сол заттардың ішінен оқу құралдарын бір бөлек, ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.
Мақал жаттау.
«Білім – таусылмайтын қазына».
Мақал мағынасын түсіндіру, жаттату.

Білімің – бұлағың (Өлеңмен танысу) жүктеу
Күз - жомарт (өлеңді жаттау). жүктеу
Кішкентай бағбан (әңгімелеу). жүктеу
Жемістер жыры (өлеңді жаттау). жүктеу
Менің елімнің рәміздері. жүктеу
Шаруа мен Аю (орыс халық ертегісі). жүктеу
Менің ойыншықтарым (өлеңді жаттау). жүктеу
Тәуелсіз Қазақстан (өлең) жүктеу
Ақымақ қасқыр (ертегі) жүктеу
Жаңа жыл келді (өлеңді жаттау) жүктеу
Мысық, Әтеш және Түлкі (ертегі) жүктеу
Әкесімен балалары (әңгімелеу) жүктеу
Жақсымен жаман (өлеңді жаттау) жүктеу
Әз Наурызым, армысың! (өлеңді жаттау). жүктеу
Мен ғарышкер боламын (өлеңді жаттау). жүктеу
Көктем сәні (ертегі) жүктеу
Қол не үшін керек? (әңгімелеу). жүктеу
Бала біздің болашақ (өлеңді жаттау). жүктеу
16 395
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу. Шығарманы тыңдауға, мағынасын түсініп, қайта айтып беруге үйрету.
Әуе шарлары
Әуе шарлары
Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстап отыруға үйрету. Ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту: балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың»
Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың»
Балаларды білімге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын көбейту, тақпақтарды мәнерлеп нақышына келтіріп айта білуге үйрету. Балаларды бір - бірін құрметтеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×