Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ё дыбысы мен әрпі

09 қаңтар 2013, Сәрсенбі
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі»
КММ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Тайжанова Жулдыз Мараловна

Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ё дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға Ё дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту.
2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
3. Балалардың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: қоржын, тақырыпқа қатысты суреттер, текшелер.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-( )
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
- Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
- (ф)
- Құрамында ф дыбысы кездесетін қандай сөздерді білеміз?
- (те-ле-фон, фа-кел, фо-кус, бу-фет т.б.)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді біз бүгінгі сабағымызда тағы жаңа бір дыбыспен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ: Мақсатын хабарлау.
Бәріміз мына суретке назар аударайық!
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Ойыншық не үшін қажет?
- Матрёшка қандай материалдан жасалады?
- Оларды қалай жиыстырады?
- Өзіңе ұнайтын ойыншық түрлерін кім атап береді?
- «Матрёшка» өлең шумағын оқып беремін.
Матрёшка
Матрёшкалар сүйкімді
Бірінен бірі аумаған.
Бояуы сырлы мың түрлі,
Көрсеңіз,көзді жаулаған.

Ал мына суретте қай мамандық иесін көріп тұрсыңдар?
- (шахтёр)
- Осы сөзді буынға бөлейікші.
- (шах-тер)
- Бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- (ё)
- Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

Ё дыбысы- екі дыбыстың (й+о)бірігуі арқылы жасалған. Ол Ё әрпімен таңбаланады.
(Ё дыбысының өз ана тіліміздегі сөздерде сирек кездеседі,).

«Мон-тер» сөзіндегі дыбыстарды текшелермен белгілету.
- «Мон-тер» сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
- (төрт дауыссыз, екі дауысты).
- Неше буыннан тұрады?
- (екі буыннан)
- Неге?
- (себебі құрамында екі дауысты дыбыс бар).

Оқулықпен жұмыс:
Әліппе- дәптердегі буындарды оқыту.
- тёр, -дёр, -рёш

DVD дискіден слайд- шоу көрсету.

Қол жаттықтыру жұмысы.
- Әліппе - дәптеріміздегі Ё дыбысының әріп таңбасын бастырып жазамыз. Жазылғанда әріп таңбасы Е әрпіне ұқсайды, бірақ үстіне екі нүкте қойылатынын айтамын.

ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Мәтінмен жұмыс.
Балаларға оқулықта берілген шағын мәтінді оқып беремін.
- Мәтін не жайлы?
- Қай сөздерде Ё дыбысы кездеседі? Өздеріне оқытамын.
- Мәтінде кім жайлы айтылған?
- Актер мамандығы жайлы не білесіңдер?
- Қандай актерлерді білесіңдер?
- Актер болғыларың келе ме?
Балалар мына суретке зейін қойып қарайықшы, осы кісілерді бұрын-соңды теледидардан көргендерің бар ма?
Бұл кісілер актер және актрисалар. Олар өздерінің актерлық шеберліктермен ел құрметіне бөленген адамдар. Сендер де жақсы оқып, тәртіпті болсаңдар осындай атақты азаматтар боласыңдар.

Ү. Ойдамыту жұмысы.
Атауларды оқып, оларды суреттерімен сызықша арқылы байланыстыр. Бұл заттарды ортақ қандай атаулармен атауға болады.
(қуыршақ, робот, матрешка)

Дидактикалық ойын «БУЫНҒА БУЫН ҚОС»
Қоржынға буындар салынады, балалар буындардан сөз құрастырып, оны дауыстап оқиды, сөйлем құрайды.

ҮІ. Қорытынды.
- Бүгін қай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?
- Ё дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
- Ё дыбысының әріп таңбасы қандай дыбыстың әріп таңбасына ұқсайды?

ҮІІ. Үй тапсырмасы.
- Әліппе дәптердегі сөздерді оқу;
-«Актер» өлеңін жаттау.
30 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға үйрету.
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
С дыбысы және әрпі
С дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тайжанова Жулдыз Мараловна Пәні: Сауат ашу Тақырыбы: «В дыбысы мен әрпі»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×