Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасқыр мен жеті лақ ертегісі

02 наурыз 2019, Сенбі
Білім беру саласы: Вариативтік компанент
Бөлімі: Театрландыру
Тақырыбы: Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау.
Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк.
Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз».
Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға)

Мотивациялық - қозғаушылық
«Шаттық» шеңбері
Күнім күліп арайлы,
Тереземнен қарайды.
Маған «жылдам бол» дейді,
«Бақшаңа бар тез»дейді.
Қайырлы таң, апайлар,
Біз бастаймыз оқуды,
Бақылаңдар, қараңдар
Балалар көңіл - күйлерің қалай?
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Олай болса сабағымызды бастаймыз

Балалар барлығымыз тақтаға назар аударамыз.
Балалар қазір мен тақтаға кейіпкерлердің суреттерін ілемін, ал сендер олардың қай кейіпкерлердің ертегісі екенін айтасыңдар.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар енді кейіпкерлерді сипаттайық

Ешкі үй жануары ма? әлде дала жануары ма?
Ол немен қоректенеді?
Ешкінің адам өміріне пайдасы бар ма?

Ешкі үй жануары, ешкінің басы бар, аяғы бар, денесі бар, ол шөппен қоректенеді, ол бізге сүт береді.
Қасқыр орманда өмір сүреді, оның басы бар, аяғы бар денесі бар, мұрны бар, екі көзі бар, ауызы бар, ол етпен қоректенеді.
Ал бұл не?
Қарғаның түсі қандай?
Ол үй құсы ма? әлде дала құсы ма?
Неліктен оны дала құсы дейміз?
Қарғаның басы бар, қарғаның аяғы бар, қарғаның көзі бар, ол құрт - құмырсқалармен қоректенеді, ол дала құсы.
Ал үй құсын біз үйде күтіп баптаймыз.
Дұрыс айтасыңдар балалар
Ерте, ерте заманда бір ешкі және оның жеті лағы болыпты. Олар орманда өмір сүріпті. Ешкі өзінің лақтарына орманнан күнделікті азық тауып әкеледі екен.

МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасы
Дайындаған: Омарова Г. П.
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі жүктеу
2 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті лақ
Жеті лақ
Жеті лақ Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады: - Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісін естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту. Ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Жеті лақ ертегісі
Жеті лақ ертегісі
Балалар, ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма? Балалар: Ия, дайынбыз. Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар. Төрт аяғы бар Адам деуге болмайды Сақалы тағы бар (ешкі)
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Қасқыр мен жеті лақ
Қасқыр мен жеті лақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы
"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі
"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Гүлаш Бексейтова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×