Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат аясында өзін – өзі ұстау ережесі

13 сәуір 2019, Сенбі
МДО 142/Б оқу тобында ашық сабақ
Тақырыбы: Табиғат аясында өзін – өзі ұстау ережесі.
Мақсаты
Білімділік: Балаларды табиғи апаттардың қауіп - қатерін жете түсінуді, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды үйрету.
Дамытушылық: Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез - құлық мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға және қастерлеуге тәрбиелеу.
Балалар, ата - анасымен де, құрбыларымен де демалыс орындарына жол тартады. Басқа қалаға барып, бөтен адамдармен танысып, тіпті жаңа достар табады. Сонымен қоса, барған жерімізден түрлі тағамдармен тамақтанамыз. Әдемі жерлерді көруге саяхатқа шығамыз. Міне, осының бәрін жоспарламастан бұрын әрбір бүлдіршін қауіпсіздік ережелері өмір бойы жадымызда жүруі міндетті.

1. Табиғат аясына шығарда, денені жауып тұратын киім киген абзал. Улы жәндіктер тістеп алса, көбіне терінің ісініп, басылуымен шектеледі. Маса асқазан ауруларын таратушы, сондықтан, масаның тамаққа қонбауын қадағалау керек. Ал аса улы жәндіктердің шағуы орны толмас өкінішті жағдайларға әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан, демалысқа табиғат аясына бара жатқанда, мына кеңестерді жадымызда жаттай жүру керек. Себебі біз балалар мен табиғат аясын тамашалауға барамыз.
! Шөпте жалаң аяқ не ашық аяқ киіммен жүру қауіпті;
! Ұзын шашты қалпақтың астына жасырып не мүлдем жинап түйіп тастаған дұрыс, себебі, шашқа қонған жәндіктер денсаулығыңа әлдебір зақым келтіруі мүмкін;
! Табиғат аясында тамақ ішіп болған соң, дереу орнын тып - типыл жинап, қораптарға буып түйіп тастаған дұрыс. Ал тамақ пісіріп жатқанда, қазанның қақпағын мұқият тығыздап жабу керек;
! Жәндіктерден сақтандыратын қорғағыш құралдар алып шық;
! Кене сияқты жәндіктер шағып алса, ауырған жерді сабындап жуып, скипидар тамыз. Ара немесе сона шақса, ол жерге вазелин жағып қой;
! Қолыңда скипидар не вазелин жоқ болса, пияз бен сарымсақ сөлімен сүртсең де болады.
! Шаққан жерді қасымауға тырыс. Тырнағыңмен шағылған жерді ушықтырып аласың;
! Ара шағып алса, ауырған жерге мұздай зат қойып, димедролдың бір таблеткасын ішіп ал;
! Ал егер жағдайың сәт сайын нашарлап бара жатса, бірден дәрігердің көмегіне жүгінгенің жөн.
! Балдырлары бар шалшықты суға түсуге болмайды;
! Белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды, су түбінде суға батқан бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
! Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге болмайды;

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
Дайындаған оқытушы: Р. А. Ахмедова
Табиғат аясында өзін – өзі ұстау ережесі жүктеу
19 395
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Экологиялық кітапхана»
«Экологиялық кітапхана»
Мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат тазалығын сақтауға оны қорғауға үйрету. Қоршаған ортадан экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар, тыйым сөздер, ой - өрісін дамыта отырып, сүйіспеншілігін
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Ересек топтарға арналған перспективалық жоспар
Ересек топтарға арналған перспективалық жоспар
Валеология» еліне саяхат. Біздің сүйікті досымыз - СӨС (салауатты өмір салты) дәрігері.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрету
Дүниетанудан күнтізбелік жоспар
Дүниетанудан күнтізбелік жоспар
Дүниетанудан күнтізбелік жоспар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×