Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар

08 қараша 2022, Сейсенбі
Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар

Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар. (Ас бұршақ)

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар? (Мақта)

Ашулы қонақ бұл анық,
Тоңып шешсе, жыладық. (Пияз)

Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да,
Айналар нанға да. (Бидай)

Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)

Тегiс жер кесiлдi,
Арқандай есiлдi. (Жыртылған жер)

Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды. (Егiн)

Жезге ұқсас сабағы,
Дәнi – халық тамағы. (Бидай)

Маржанын түзген,
Сатылап тiзген. (Масақ)

Бiреу бердiм,
Онын тердiм. (Тұқым)

Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс. (Жүгерi)

Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)

Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар,
Баққа тұрар сән берiп,
Алқа етiп тiзiп ал. (Өрiк)

Қызыл күрең түрi бар,
Тебiндеген бүрi бар.
Пiскен кезде қаулайды,
Алтыннан бiр аумайды,
Бал татыған нөрi бар,
Онда емнiң бәрi бар. (Шабдалы)

Шертсең көк жолақ сыртынан,
Пiссе үн шықпас ұртынан.
Шикi болса, сампылдап,
- Тиме; — дейдi таңқылдап. (Қарбыз)

Қарала қойымды,
Байлап ем,
Желiде жатып тойынды. (Қауын)

Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбiз)

Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (Сәбiз)

Тiгiп алып көк шатыр,
Қызыл-күрең доп жатыр. (Қызылша)

Аласа тал,
Тамаша тал.
Самсап тұр алмасы,
Ол алқызыл,
Ол қанқызыл,
Боялғанша, алмашы! (Қызанақ)

Доптар жатыр желiсi бар,
Қабат - қабат терiсi бар. (Орамжапырақ)

Қос құлағы қалқайып,
Су iшкен сайын марқайып.
Күн ысыса тон жинайды,
Доп болғанда ел жинайды. (Орамжапырақ)

Түбi толған құмалақ. (Картоп)

Сырнайынан төгiп жыр,
Күнге сәлем берiп тұр. (Күнбағыс)

Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай - қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған. (Күнбағыс)

Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер. (Күнбағыс)

Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды. (Өсiмдiктер)

Күн нұрымен пiседi,
Уылжып қолға түседi. (Жемiс)

Қар астында қыстады,
Ақпен бөркiн тастады. (Бәйшешек)

Ағаштардың көркемi,
Мәңгi жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау - өлкенi,
Кәусәр ауа жұтады. (Шырша)

Қысы - жазы шешпейтiн,
Көйлегi бар жасылдан.
Өзгертпейдi еш кейпiн,
Жаралғандай асылдан. (Шырша)

Жасыл болып жыпырлап өнедi,
Сары болып үзiлiп семедi. (Жапырақтар)

Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды. (Ағаш жапырағы)

Жазғы киiмi жасыл,
Қысқы киiмi ақшыл. (Қар жамылған ағаш)

Өзiне шап шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы
93 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әртүрлі жұмбақтар
Әртүрлі жұмбақтар
Жерде жатып желіндейді, Күз түскенше желінбейді. (қауын)
Жұмбақтар жинағы
Жұмбақтар жинағы
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат - қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Жұмбақтар әлеміне саяхат
«Ақбота» балабақшасы Қайрғалиева Бағдагүл
Күз – мереке, күз – береке
Күз – мереке, күз – береке
ШҚО, Аягөз қаласы "Қалалық көпсалалы қазақ мектеп гимназиясы" КММ Даярлық тобының жетекшісі Шаймерденова Назерке Турарбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×