Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат құбылыстар туралы жұмбақтар

14 сәуір 2019, Жексенбі
Табиғат құбылыстар туралы жұмбақтар

Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?
(қыс)

Қар мұз еріп, су көбейіп
Сай салаға толады,
Бүршік жарып, жарық ашып
Гүл бәйшешек басады
(көктем)

Күн ысып,
Жеміс - жидек пісіп,
Ел пішенін орады,
Бұл қай кезде болады?
(Жаз)

Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады
Бұл қай кезде болады?
(Күз)

Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті -
Төрт түсті жер үсті.
(қыс, көктем, жаз, күз)

Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(аяз)

Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.
(жұлдыз)

Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
(аққала)

Жылт - жылт етеді,
Жылғадан етеді
(су)

Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
(жел)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
(Су)

Ағайынды бәрі:
Шықса - көк, Түссе - сары.
(жапырақтар)

Бір ақсақал жылына
Бір - ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.
(Аяз ата)

Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті.
(Қар)

Көкке қарап наздана
Қолын созар күнімен.
Күз,
Қыс,
Көктем,
Жазда да
Өзгермес бір түрінен.
(Шырша)

Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)

Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты.
(Аяз)

Қыс түсіп, қар жауса, кілең
Дала кезіп тыншымайды.
Көрінбейтін саусағымен
Бетті аямай шымшылайды.
(Аяз)

Бет - аузыңнан сүйеді,
Ерні суық тиеді.
(Аяз)

Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар.
(Жыл мен он екі ай)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

Тікен, тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте
(Шырша)

Айналып жүріп шыршаны,
Барлық адам ән салды.
Барлығы да шаттанып,
Қай мезгілді қарсы алды?
(Қыс)

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналады.
(Жапалақтап жауған қар)

Қол созсаң, ақ күміс
Алақанға толады.
Ашып - жұмсаң, із - түссіз
Лезде жоқ болады?
(Қар)

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
(Бұлт)

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)

Шым - шытыр,
Шидай қотыр.
(Жұлдыздар)

Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды.
(Боран)

Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді, ұшып өлмейді.
(Бұлт)

Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады.
(Жұлдыз)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.
(Жел)

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.
(Найзағай)

Қуып едім - мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім - қолға тұрмады.
(Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Күн күркіреуі)

Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
(ай)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
(Көк, аспан)

Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
(Аспан, жер)
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер.
(Күн)

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
(Күн)

Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады.
(Қар)

Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
(Көктем)

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.
(Жаңбыр)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды.
(Күз)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)

Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)

Төбесінде даланың, төбесінде қаланың
Аяғы жоқ – жүреді,
Езуі жоқ – күледі. (Күн)

Шымылдық ішінде қап - қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала. (Түн)

Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)

Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

Моншағым көктің,
Тестім түбін шөптің. (Тамшы)

Көз жасын төгіп елжіреп,
Жүреді көкте көлбіреп,
Жел қуса кетер селдіреп. (Бұлт)
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы
7 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экологиялық жұмбақтар
Экологиялық жұмбақтар
Тырсылдап түседі, Жерге түскен соң Ғайып боп кетеді. (бұршақ)
Қыс келді
Қыс келді
Қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Жұмбақтар әлеміне саяхат
«Ақбота» балабақшасы Қайрғалиева Бағдагүл
Бұл қай кезде болады?
Бұл қай кезде болады?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №247 орта мектептің ,астауыш сынып мұғалімі Нұржанова Ақбөпе Алдабергенқызы
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Мүслимқызы
Бұл қай кезде болады?
Бұл қай кезде болады?
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×