Білімділер поралы

Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы

Ертегілер елінде
Таңдау курсының бағдарламасы
МАД сыныбы
Түсінік хат

Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Бұл арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары балалардың тіл байлығын қалыптастырады. Сондай - ақ ертегіні білуге, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын арттыратыны анық.
Сондықтан арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары даярлық сыныптарда мақсатты түрде жүргізілуі керек.
Осы арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары бойынша ұсынылып отырған материалдар даярлық сынып балаларының білімін, ой - өрісін, тіл
байлығын арттыруға арналған шығармалармен қамтамасыз етілді.
Сондай - ақ даярлық сынып балаларының деңгейіне сай құрылған бұл бағдарламада ақпараттық құралдарды қолдана отырып, ертегілерді оқу, әңгімелеу (баяндау) тыңдау мүмкіндіктері қарастырылған.

Мақсаты:
Өз ауылына саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту.
Ой - өрісін, сана - сезімін жан - жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Балалар заттардың айқын образын көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту.

Басты міндеттері:
- баланың сөздік қорын молайту;
- баланың тілін дамыту;
- баланы мазмұндауға дағдыландыру;
- баланы жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету;
- ертегілерді өздері орындата отырып, қызығушылығын
қалыптастыру;
- кейіпкерлердің дауыс ырғағын сала білуге көңіл аударту;
- кейіпкерлер арасындағы достық, қамқорлық сезімді ұғындыра отырып бір - біріне әдептілік, кішіпейілділік жасау, қиын жағдайда жәрдемдесу;

Нәтижелілігі:
- балалардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастыру;
- ой - өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту;
- балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
- мейірімділікке, адамгершілікке, ақылдылыққа баулу.
- суретке қарап мазмұнын түсіне білу.
- таныс ертегінің соңын басқаша құрастырды.
- ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтіру.
- сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бұл пән аптасына 1 рет, жылына 32 сағат жүргізіледі.

Бұл бағдарламада осы пәнді жүргізу үшін негізгі 8бөлім қамтылады.
1 - бөлім. Кіріспе Ертегі туралы түсінік 2 сағат
2 - бөлім «Әжемнің ертегілері» 4сағат
3 - бөлім «Хайуанаттар әлемінде» 5 сағат
4 - бөлім «Таңғажайып оқиғалар» 4 сағат
5 - бөлім «Ертегілер әлемінде» 5 сағат
6 - бөлім «Табиғат та тіл қатады» 6 сағат
7 - бөлім «Қазақ ертегілері» 6 сағат
8 - бөлім «Қорытынды сабақ» 2 сағат.
Бұл бөлімдер арқылы балалардың ертегілерді тыңдау, әңгімелеу, әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қоры артып, еркін сөйлеуге үйренеді.

«Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп» КММ
Құрастырған: Тәрбиеші: ЖусуповаОрынгулАлтайқызы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 68
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 67
Роботтар: 2
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика