Білімділер поралы

Сіздің көңіл - күйіңіз қандай? (дамыту сабағы)

«Сіздің көңіл - күйіңіз қандай?» (дамыту сабағы)

5 - 9 сынып
Мақсаты: оқушылардың өзін - өзі тану себептерін туындату. Өзін - өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру, көңіл - күйлерін реттеу.
Құрал - жабдықтар: дәптер, қалам, қарындаш, түрлі - түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі - түсті жолақпен желімделген болуы керек.
Сабақтың мазмұны:
1. Сабаққа бағыттау.
«Түстер көңіл - күйі» жаттығуы.
- Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл - күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды.
Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл - күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл - күйімен сәйкес келген - келмегенін сұрап, анықтайды.
«Мен сенімен қарым - қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.

Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсыңдар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым - қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір - бірін қолын ұстап шеңбер құрады.

2. Тапсырманы талқылау.
Психолог: «Сенімен қарым - қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерің келеме?
Психолог максимальды пайызды атайды.
Психолог: Сендер қалай ойласыңдар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?
Байқағандарыңдай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым - қатынас жасайсыңдар.
Ал кім өзін жақсы біледі?
Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?
Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?
Өзіңді білу қажет пе?

3. Тақырыппен жұмыс.
Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»
Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:
Мен ойлаймын, себебі мен...
Басқалар ойлайды, себебі...
Менің болғым келеді, себебі...

Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген сөздер тізімінен алуға болады.
Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты сүйетін.
Жаттығу « Ыстық орындық»
Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой - пікірі сенің өзіңнің ой - пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.
Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой - пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.

4. Сабақты талдау.
Психолог: Қанекей, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?
Қандай қиындықты өткердіңдер?
Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма?
Енді мынандай тапсырманы орындайсыңдар. «Күннің көзі аясында» деген тақырыпта сурет саласыңдар. Шеңберді сызып, ортасына «Мен және менің көңіл - күйім» деп жазыңдар. Шеңбердің шекарасында күннің шапағын салыңдар: Күннің шапағының саны өздеріңнің мінездеріңнің бағалаған санындай болу керек. Сәйкес келген жақсы сапаларды қызылмен бояу, ал кері жағдайларда көкпен бояу қажет.

Қорытынды: дамыту сабағын жүргізу барысында оқушылардың көңіл - күйі жоғары деңгейде көрінді, топта жақсы жұмыс жасап, бір - біріне көмектесіп отырды. «Күннің көзі аясында» деген тақырыпта салған суреттері мен шеңбер сызып, ортасына «Мен және менің көңіл - күйім» бөліміне өз көңіл - күйлерін білдіруі ерекше сезім сыйлады.

Педагог - психолог: А. Орынбаева
Сіздің көңіл - күйіңіз қандай? (дамыту сабағы) жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 24
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 24
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика