Қазақстанның
білім беру порталы.

Көліктер

17 шілде 2019, Сәрсенбі
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың қызығушылықтарын дамыту. Жол ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Тақырып мазмұнына байланысты слайдтар, таратпа материалдар

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тұлға аралық байланысты орнату
Балаларды топқа бөлу.
III. Сыныптың білім деңгейін анықтау.
Өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап беру.
Біздің еліміз қалай аталады?
Еліміздің рәміздерін ата.
Отан, Қазақстан, Астана сөздеріне сөйлем құрау

Отан туралы тақпақтар айту.
Отан – сенің ата – анаң
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың
Отан - осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.

IV. Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелер.
Балалар сендер саяхат шыққанды ұнатасыңдар ма?
Саяхатқа немен шығуға болады? (автобуспен, машинамен, самолетпен, т. б...)
Осыларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы (Көліктер)

V. Қызығушылық пен назарын аудару
Жұмбақтар шешу. (слаид)
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды (велосиепд)

Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт - бес кісі,
Жарқырап түнде жортса екі көзі. (автомобиль)

Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді. (Ұшақ)

Пырылдар көкте инелік,
Инелік емес үй делік. (Тікұшақ)

Үйрек емес, қаз емес,
Балық емес судағы,
Өзі жүзе біледі.
Жемі көмір және май,
Шешуін кім біледі? (Параход)

VI Негізгі бөлім (слаид)
1. Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда көшедегі машиналардың атқаратын қызметтері жайлы толығырақ мәлімет алайық
Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс
малы: түйе, жылқы, піл, есек, сиыр, бұғы, ит, т. б. жатады. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы - қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Ғылыми - техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте - бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
Көліктерді 4 топқа бөлуге болады: автомобиль көлігі, теміржол, теңіз көлігі, әуе көлігі
Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкөністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда.
Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы.
Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.
Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді.
Көліктер. жүктеу
101
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көліктер
Көліктер
Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету.
Жүк мәшинесі
Жүк мәшинесі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Көліктер
Көліктер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Баймұратова Айсауле
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.