Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлі табиғат және тірі табиғат

28 шілде 2019, Жексенбі
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Өлі табиғат және тірі табиғат
Мақсаты: Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан-жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер тамшы суреті, зерттеуге арналған құралдар: стақан, су, қасық, кесе, тұз, қант.

Мотивациялық - қозғаушы
Таңертеңгі шеңбер
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді біз білмейміз
Қуанамын мен де
Қуанасын сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атты таңға.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.
- Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар?
- Оның түсі қандай?
- Қар, қай мезгілде болады?

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.

2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.

3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды.
- Мынау не?
- Түсі қандай?
- Дәмі барма?
- Суды қалай пайдаланамыз?
- Су керек пе?
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
- Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.
Кім су туралы тақпақ біледі.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қанатты жазайық
Құс болып ұшайық,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Өлі табиғат және тірі табиғат. жүктеу
7 773
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Тірі табиғат және өлі табиғат
Тірі табиғат және өлі табиғат
Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Су мен ауа
Су мен ауа
Балаларды су мен ауаны жан - жақты таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы айтып, түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іскерліктерін дамыту. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Тірі табиғат (экология)
Тірі табиғат (экология)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×