Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана мен бала интеллектуалды ойындар

17 тамыз 2019, Сенбі
Тақырыбы: «Ана мен бала» интеллектуалды ойындар”
Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата - ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі жайлы түсінікті тереңдете түсу. Балардың ойлау қабілетін, білімділігін тіл байлығын мақал - мәтел арқылы дамыту. Ойында өздерін еркін ұстауға, өз ойларын ашық айта білуге. Ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Бөлме мерекелік ойынға сай шарлармен, отбасы жайлы нақыл сөздермен, түрлі отбасылық суреттермен безендірілген.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата аналар және балабақша бүлдіршіндері!
«Балалы үй базар», бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы оқу тәрбие жұмысының сабақтастығын, жобаны жандандыру мақсатында «Ана мен бала» атты
интелектуалдық ойын, ата аналар мен бүлдіршіндердің қатысуымен өтетін ойын сайысымызға қош келіңіздер!

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:
1 - бөлім «Кім біледі»
2 - бөлім «Крокадил» ойыны
3 - бөлім «Сөз мәйегі - мақал, және жұмбақ»
4 - бөлім «Миға шабуыл»
1 - бөлім «Кім біледі» Ата - аналарға
Әр топқа 10 сұрақ беріледі. Барлық 10 сұраққа 2 минут, дұрыс жауапқа 5 ұпай

1. Қазақ тілінде неше септік бар? 7септік
2. Жүз жасаған ақын? Жамбыл
3. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 1991 жылы 16 желтоқсан
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3 бөлінеді
5. Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас қалай аталады? Жұмбақтас
6. Т. Әубәкіров кім? Ғарышкер
7. 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)
8. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р. Қошқарбаев)
9. Қ. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
10. Біздің балабақша директоры кім? А. Х. Исенбаева

Балаларға тапсырма
1. Түлкі қай ертегіде кездеседі? Бауырсақ,
2. Қай аңның құйрығы қысқа? Қоян
3. Үй жануарларын ата? Түйе, сиыр, ешкі, қой, жылқы,
4. Пішіндерді ата? Тіктөртбұрыш, үш бұрыш, шаршы, төртбұрыш,
5. 1 - ден 5 - ке дейін сандарды кері және тура ата? 12345, 54321
6. Жабайы аңдарды ата? Түлкі, аю, қоян, арыстан, жолбарыс,
7. Бағдаршамның неше көзі бар? 3 көзі
8. Мысықтың неше аяғы бар? 4 аяғы
9. Күннің түсі қандай? Сары
10. Аяз ата қандай мерекеде келеді? Жаңа жыл

3 - бөлім «Сөз мәйегі - мақал, және жұмбақ»
Тапсырма: берілген тақырыптарға байланысты мақалдың жалғасын айту. Ең көп
мақал айтқан ойыншыға 5 ұпай беріледі. Ата - аналар
1. Оқу – білім бұлағы
Білім - өнер шырағы.
2. Өнер алды – бірлік,
Ырыс алды – тірлік.
3. Қолымен істегенді
Мойнымен көтер
4. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.
5. Жаңбыр жауса – жер ырысы.
6. Әкеге қарап ұл өсер,
Анаға қарап қыз өсер,
7. Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге
8. Ақыл көпке жеткізеді.
Өнер көкке жеткізеді.
Жұмбақ Балаларға
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)
3. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
5. Жерге қазық қақтым
Басына айдар тақтым Сәбіз
6. Аспанда бір ана бар
Маңы толған балалар Ай мен жұлдыздар

4 - бөлім «Миға шабуыл»
Шарты: билет суырып алып, қандай сурет түседі, сол суретін салу.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды
таразылайтын әділқазылар алқасына сөз береміз.
Болмасын ешбір сөз өкпе,
Әсері қалды жүректе
Қазылар берген бағалар,
Ұштасып айтар тілекке! - дей отырып, осымен «Ана мен бала» интеллектуалды ойынымыз өз мәресіне жетті.

Жұқатай Дана Сағидоллақызы
БҚО, Орал қаласы,
№41 “Ақ тілек” бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Ана мен бала интеллектуалды ойындар. жүктеу​​​
4 479
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Алтын – ұя, алтын - күз
Алтын – ұя, алтын - күз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі: С. Жолдыбаева
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серімбетова Салтанат Темірханқызы
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×