Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат бұрышы

14 қыркүйек 2019, Сенбі
Білім беру саласы: «Әлеумет», «Таным», «Коммуникация»
Білім беру: Экология негіздері
Тақырыбы: Табиғат бұрышы
Мақсаты: 1. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді бақылату арқылы олардың құпия сырлары мен тіршіліктері туралы түсінік беру.
2. Балықтар туралы әңгімелеу, олардың тыныс алулары, қоректенулері, қимыл - қозғалыстары, тіршілік ету орталарымен таныстыру.
3. Еңбек іс - әрекеттеріне баулып, тірі табиғатқа деген қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: тірі табиғат бұрышы, интербелсенді тақта, сурет аквариум.
Блингвалды компанент: гүл - цветы, балық - рыба.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ашамыз.
Күннен жылу аламыз,
Жүректегі жылуды
Қонақтарға сыйлаймыз.
Ұйымдастырушылық ізденістік - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Жылдың әр мезгілінде ауа – райымен бірге біздің табиғатымызда өзгеріске ұшырайды.
Табиғат туралы әңгімелеу.
Табиғат дегеніміз не?
- Дұрыс айтасыңдар.
Табиғат денелеріне нелер жататынын және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсіндіру.
Осы ғажайып табиғаттың бір бөлшегі біздің топтада бар.
- Біздің табиғат бұрышымызда нелер бар?
- Дұрыс.
- Балалар күз мезгілі болғандықтан күн суытып, жапырақтар түсіп, шөптер қурап, гүлдер солып қалды. Ал біздің тобымыздың гүлі жайнап өсіп тұр.
- Дұрыс, яғни өсімдіктер өсу үшін жылу керек.
- Өсімдіктер жылуды қайдан алады.
- Гүлдердің өсуі үшін тағы нелер керек?
Гүлдердің ерекшелігі мен қажеттілігі туралы әңгімелеу, топтағы гүлдерді неге «бөлме гүлдері» деп атайтынын түсіндіру.
Дала гүлдерінің суретін көрсету, олардың тіршілік ерекшелігі туралы мағлұмат беру.
Гүл туралы кім тақпақ біледі.
Жұмбақ:
Құйрығы жерге тимейді,
Жотасы күнге күймейді.
Балық қайда тіршілік етеді?
Балықтардың пішіні қандай?
Балықтың денесі біртұтас болады
Олар желбезек арқылы демалады.
Құйрығы бұрылу қызметін атқарады.
Балықтар су асты өсімдіктерімен балдырлармен қоректенеді.
Аквариум деп арнайы балық өсіру үшін жасалған шыны ыдысты айтамыз. Аквариум арнайы техникалық құралдармен жабдықталған. Онда суды жылытатын, ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар бар. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады.
Сергіту сәті:
Ал қанекей тұрайық,
Айналаны қарайық
Жауқазындай жайқалып
Бәйшешектей иіліп
Сәл тынығып алайық.
Ал енді балалар біз енді табиғат бұрышына қалай күтім жасайтыны — мызды тәжірибе арқылы көрсетейік. Гүлдерді жақсы күту үшін су құйып, топырағын қопсытып, дымқыл шүберекпен шаңын сүртіп тұру керек.
Ал аквариумдағы балықтарға арнайы зоодүкеннен алынған жемдерін беру керек.
Блингвалды компанент: гүл - цветы, балық - рыба.
Дидактикалық ойын (ұжыммен)
«Орнын тауып орналастыр»
Ойынның шарты: Бала берілген әр түрлі пішіндерді таңдап алып, оның атын атайды. Аталған пішінді тіршілік ету ортасына байланысты (жоғары – төмен) құрлыққа – жер бетіне суға - жер астына орналастырады.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы
Састөбе ауылы МКҚК«Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Амиркулова Бахыткуль Еленовна

Табиғат бұрышы. жүктеу
154
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Өлі табиғат және тірі табиғат
Өлі табиғат және тірі табиғат
Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан-жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер
Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімідіктер туралы түсінік беру. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.