Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын дала (сайыс)

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Галимжанова Роза Давлетовна

“Алтын дала” сайысы
Мақсаты: Балаларды қойылған сұрақтарға жауап беруге үйрету. Білімдерін бекіту. Ойын үстінде олардың қазақша сөз қорларын көбейту. Қызықтыру, ынталарын арттыра түсу. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: тақтайша, суреттер, эмблемалар, үнтаспа.
Балалар Құрманғазының күйі “Сарыарқамен” сыныпта орналасады.
Мұғалім: - Балалар, сендер қандай ойындар білесіңдер?
(балалар атайды, мысалы: “Мысық пен тышқан”, “Тақия тастау”, т. б.)
Мұғалім: - Сендер көп ойындар біледі екенсіңдер. Ал менің ойыныма қатысқыларың келе ме?
Балалар: - Иә, қатысқымыз келеді.
Мұғалім: - Жақсы, мен сендерге бүгін жаңа ойын ойнап үйретемін. Алдынан мен сендерді екі топқа бөлемін, Орынға отырамыз. (ойын ережесімен таныстыру) Ойыншыларды бағалайтын жюри сайлау керек.(жюри сайлау)

- Енді ойынды бастауға болады. Бір бала шығып текшені лақтырады (текшенің әр жағында сурет бар: ағаш, алма, қой, бала)
№ 1 тапсырма: АЛМА. Ол туралы не айта аласыңдар?
Балалар алма туралы тақпақ айтады.
Сырым: Әне, қызыл алмалар,
Әсем бақтың жұлдызы.
Алма терген балалар,
Албырайды нұр жүзі.
Мұғалім:- балалар, алма көкөніске жата ма, әлде жеміске ме? Алмас бір көкөніс
туралы тақпақ айтып береді.
Алмас: Теңбіл - теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды
Сонан соң оны жеді,
жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті, неткен тәтті.
Мұғалім:- Енді балалар, тапсырма: қандай көкөністерді - жемістерді білесіңдер екенің көрсетесіңдер. Алдарында аралас жеміс - көкөністер суреттері жатыр, 1 - ші топ жемістерді бөлек қойындар, ал 2 - ші топ – көкөністерді. Атандар.
(қызылша, картоп, сәбіз, қияр, бұрыш, шалқан, қырыққабат), (Алма, алмұрт, жүзім, банан, өрік, апельсин, лимон)

Көрермендермен ойын “Ұйқасын тап”
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - (ЖҮЗІМ)

Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - (ЖАҢҒАҚ)

Жапырақты тасалап,
өсетін жері – бақша - бақ.
Күрең қызыл, шіркін - ай,
Оның аты - (ТАҢҚУРАЙ)

Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - (ШАБДАЛЫ)
(Балалар жауабын тексеру)
Мұғалім: Өте жақсы. Айтыңдаршы, осы жеміс-жидектер, көкөністер, астық бізге келу үшін не істеу керек? (Еңбек жасау керек) дұрыс, барлығы еңбектің арқасында болады екен. Ал, еңбек туралы қандай мақалдар білеміз?
Әмір: Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болады.
Нуржан: Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Аяна: Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді.
Мұғалім: Ойынды әрі қарай жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады.)
№ 2 тапсырма: Үй - дала жануарлары. 1 - ші топ үй жануарларын топтастырып атап береді, ал 2 - ші топ дала жануарларын.

- балалар тапсырманы орындап болғанша біз көрермендермен ойын өткізіп жіберейік: “Жұмбақтарды шеш”
*Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (ТҮЙЕ)
*Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні. (ҚАСҚЫР)
*Жатып - жатып инелер,
жүгіріп жаныңа тез келер. (КІРПІ)
*Кішкентай бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (ҚОЙ)
(Балалар жауабын тексеру)

Мұғалім: Тапсырманы өте жақсы жасадыңдар, еді балалар жануарлар туралы тақпақ айтып береді.
Дамир: Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді анам “қозым” деп
“Қошақаным - өзің” деп.
Айша: Айналайын, торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шық та заула.
Мерей: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Гүлім: Піл әдісті біледі,
Тұмсығымен іледі
- піл - көтергіш кран!- деп,
бала біткен күледі.
Мұғалім: Ал мал жайында қандай мақалдар білеміз?
Жания: Ел көркі - мал,
Өзен көркі – тал.
Аяна: Ат - адамның қанаты,
Ас - адамның қуаты.
Муслим: Өрісіне қарап мал өсер,
Өзеніне қарап тау өсер.
Балалармен “Бәйге” ойынды өткізу
Мұғалім: ойынды жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады.)
№ 3 тапсырма: Жыл мезгілдері. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
1 - ші топ ҚЫС, ЖАЗ мезгілдері туралы айтып береді. 2 - ші топ КӨКТЕ, КҮЗ туралы айтып береді.

(Балалар жауабын тексеру)
- балалар бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді:
Айя: Берекесін сыйлауға,
өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Аяжан: Ақ қыс келіп боранды
Аяз айтты зор енді:
Айналаның бәрі де
Ақ көрпемен оранды.
Мирас: Көктемде, көктемде,
Күн нұрын төккенде
Қар еріп, ақты су,
Жоғары тартты бу.
Даут: Жазда дала ысып тұр,
Көлеңкені паналап,
Жайнап егін пісіп тұр
Көбелектер ұшып жұр.
Наргиз: Шағала келмей - жаз болмас,
Шаңқай болмай - боз болмас
(шаңқай - яркий, боз - ковыль)
Балалар мен көрермендер арасында ойын өткізу: “ҰШТЫ - ҰШТЫ”
(Бала шығып текшені лақтырады.)

№ 4 тапсырма: Ребустер шешу. Балалар жауабын тексеру.
Мұғалім: Біздің еліміз Қазақстан Республикасы - өте бай, ең құдіретті ел. Қоршаған ортаны, табиғатты, туған өлкенің байлығын біз ұқыптап қарауға, күтуге, көбейтуге білуіміз керек. Туған жер туралы дана аталарымыз айтқан көп нақыл сөздер бар.
Назира: Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей - ел болмас.
Туған жер - алтын бесік.
Дильбара: О, алақай, туған жер!
Жақсы - ау, бақша – бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларын.
“Отаным” өлеңімен жарысты аяқтау.
8 745
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Оқушының ақыл - ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ - жауап беруге машықтандыру; Ұлттық салт - дәстүрге, оның ішінде ұлттық киімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру
Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету. Алдында, үстінде, астында, артында түсініктерін бекіту.
Ана тілім - қазақ тілім
Ана тілім - қазақ тілім
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы тәрбиеші Ләззат Оразбай
Еңбек-бәрін де жеңбек (сайыс сабақ)
Еңбек-бәрін де жеңбек (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім мектебі Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Галимжанова Роза Давлетовна
И. Н. Мурашковска әдістемесі арқылы тіл дамыту сабағының конспекті
И. Н. Мурашковска әдістемесі арқылы тіл дамыту сабағының конспекті
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім мектебі Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Галимжанова Роза Давлетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×