Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілашар

08 ақпан 2013, Жұма
Тілашар
Кіріспе сөз: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер тілашар тойына келіп отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар күзде ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкентай балдырғандар еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, даярлықта білім алып, бастауыш сыныпқа өткелі тұр. Талаптарыңа нұр жаумын деп, ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Бүлдіршінің ортада,
Таланттарын табайық,
Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Талаптарын ашайық.
Ән «Қазақ елі» Хормен
Монтаж:
Айдана:
Хош келдің деп бүлдіршін,
Күліп шыққан алдыңнан.
Ұстазыңмен алғашқы,
Бірге асасың сан қырдан.
Темірлан:
Асқар анау аталар, Ардақты аналар!
Ұрпағы бұл тағы бір, енді шәкірт аталар.
Арқама сөмке асына мектепке барамын,
Мектепке барам асыға, мектепке барамын.
Дана:
Омырауда қуаныш,
Мен бүлдіршін баламын.
Енді жайнап нұр жүзім,
Мен оқушы боламын.
Ерболат:
Тындырамын әр істі,
Еңбек сүйгіш баламын.
Жаным сүйген жарысты,
Жалынды жас боламын.
Ерасыл:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Досжан:
Алты жасқа толған біздей баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата - ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды биыл міне балаңыз.
Дана:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Дильназ:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
Ернұр:
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Алан:
Даярлығым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Аяулым:
Даярлығым – балбұлағым,
Лаулап жансын шам - шырағың,
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Рамиз:
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар!
Оқу сырын өзіңнен,
Біліп алды балалар!
Жамила:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Даярлыққа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Би: Байназарова Анельдің орындауында «Домбыра» биі.
Қуыршақ театры: «Бауырсақ» ертегісі.
Жүргізуші:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Дана:
«А» дегенің – ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Меруерт:
Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Әли:
«Б» дегенің – бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Досжан:
«Гу» - деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Ерасыл:
Ғалым, ғылым, ғасырды,
«Ғ» білімге асырды.

Би: Нұрбекова Дильназдың орындауында шығыс биі.
Ертегі: Мақта қыз бен мысық.

Цифрлар:
Диана:
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
Сатжан:
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым.
Баян:
Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
Орныма барамын,
Екі айшық саламын.
Мағжан:
Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
Айша:
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.
Би: «Құстар» Қыздар тобы.
Мақал - мәтелдер айтамыз.
Би: «Көктем вальсі» Қыздар тобы.
Хор: «Ақ мамам».
9 253
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Мектепалды даярлық тобының оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мансурова Айзада
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×