Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік мәңгі есте

23 ақпан 2013, Сенбі
Айналамен танысу.
Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі есте.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ұлы отан соғысы жылдарында Қазақстандағы жауынгерлердің қаһармандық, ерліктері туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Өз отанын, елін, туған жерін сүю, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мәңгілік алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына «Ер есімі - ел есінде» деген мақал, соғыс ардагерлерінің суреттері, бейне сюжет.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық сәт.
Сәлем бердік күнге,
Сәлем бердік жерге.
Сәлем бердік сізге,
Сәлем бердік сізге.

ІІ. Жаңа сабақ.
Құрметті ұстаздар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ерлік мәңгі есте». Яғни осыдан 67 жыл бұрынғы еліміз үшін ерлік жасаған боздақтарымызды еске алу.
1. Соғыс кинодан үзінді көрсету.
• Балалар біз бейнесюжеттен нені көрдік?
• Соғысты көрдік.
• Соғыс қай жылы басталғаны есімізде ме?
• Оқушының жауабы: ------------
• 1941 жылы 22маусым таңғы сағат 5: 00 - де Фашистік Германия Отанымыздың шекарасын опасыздықпен бұзды. Отан соғысы басталды.
• Отан соғысына қатысқан батырларымен таныстыру
1. Әлия Молдағұлова - қазақтың батыр қызы. Шығыстың жұлдызы.
Әлия Молдағұлова туралы мәлімет,------------------------ жауап береді.
2. Мәншүк Маметова – қазақтың батыр да, батыл қыздарының бірі.
Мәншүк Маметова туралы мәлімет,--------------- жауап береді.
3. Әлия мен Мәншүк қай өңірдің батырлары? Оларды соғысқа кім жіберді деп ойлайсың? Нұрислам Айдана жауап береді.
4. Мәлік Ғабдуллин - халық арасында мәңгі есте қалған батырлардың бірі. Мәлік Ғабдуллин - туралы мәлімет Абдилдинова Нұрай айтады.
5. Қасым Қайсенов – Шығыстан шыққан ұлы батыр.
Қасым Қайсенов туралы мәлімет ------------------ жауап береді.
6. Талғат Бигелдинов - Өзі ұшқыш, екі мәрте Кеңес одағының батыры атанған.
Талғат Бигелдинов туралы мәлімет------------------ жауап береді.
7. Бауыржан Момышұлы - Қазақ халық арасында мәңгі есте қалған батыр.
Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет ------------------ жауап береді.
8. Рахмжан Қошқабаев - 1945 жылы 9 мамыр жеңіс жалауын желбіреткен ерледің бірі.
Рахмжан Қошқабаев туралы мәлімет ----------------- жауап береді.
- Міне «Ер есімі - ел есінде» деген қазақтың мақалы осыда жатыр.
Ел үшін еңбек етіп, ерлік көрсеткен батырларға арналмақ.
Балалар Ерлікке, Отанға, Батырға байланысты мақал - мәтелде дайындап келіпті.
Отан үшін отқа түс - күймейсің
Арың үшін алыссаң - өлмейсің.

Батыр - елдің сәулеті
Бал құрақ - көлдің сәулеті.
Қайратов Қадыр
Болат қайнауда шынығады
Батыр майданда шынығады.

Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.

Батыр туса – ел ырысы.
Жаңбыр жауса - жер ырысы.
- Өте жақсы.
- Біз үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Ендеше осы жеңіске байланысты өлеңдер оқып берем деген балалар бар екен:
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасыр да қай күні.
Ұлы отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Ойлап - ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн деп?
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым,
Тосты бәрі құлағын;
Дұрыс десті сұрағың -
Бейбіт күннің бәрі де,
Жеңіс күні, шырағым!

Сонау жылы жер - көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз,
Жаудан елді қорғаған

Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.

Тастар көкке атылды,
Орман шулап тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.

ІІІ. Қорытынды.
Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен, ата - бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына бас иеміз.
Оларға деген құрметімізді ұран ғып айтамыз. «Ешкім де, ешнәрсе де, ешқашан да ұмытылмайды».
Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, 1 минут еске алу.
- Ерлік мәңгі есте. Кір жуып кіндік қаны тамған жері үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Халық, тыныштық үшін бақыт үшін күресті. Сондықтанда әділетсіз соғысты бастаған Фашистік Германияны жеңіп шықты.
1941 жылы 9 - мамыр жеңіске жетіп жеңіс күні аталды.
Төлешова Ақботаның орындауында өлең оқу: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген.»
Тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды.
ІҮ. Мадақтау.
- Балаларды мадақтап әр балаға «Қуанышты хабарлама»тарату
19 013
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ардагерлерді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту.
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
ОҚО, Түркістан қаласы, С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп - лицейінің Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Даханова - Сабыркулова Кулзия Абдирасиловна
Ерлік мәңгі өшпейді
Ерлік мәңгі өшпейді
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
Ерлік мәңгі есте
Ерлік мәңгі есте
ШҚО, Аягөз қаласы "Қалалық көпсалалы қазақ мектеп гимназиясы" КММ Даярлық тобының жетекшісі Шаймерденова Назерке Турарбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×