Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл

23 ақпан 2013, Сенбі
Жаңа жыл
Мақсаты: оқушылардың қыркүйек айынан бастап үйренген ән - билерін ортаға салу, жаңа жыл мерекесімен құттықтау.
Көрнекілігі: жаңа жылдық киімдер, бетперделер, безендірілген шырша т. б.
Әдістері: ойын, рөлде ойнау, ән, би.
Өту барысы:
Жүргізуші: Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Ақниет: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Эльдар: Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Жүргізуші: Қадірменді халайық, осынау есте ерекше қалатын жаңа жыл кешіне қатысып отырған қонақтар, сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, тату - тәтті ғұмыр, бейбіт аспан тілейміз.
Әліби: Ал, ағайын, ағайын,
Ескі жылдай аға бар.
Оны ортаға алайық,
Шығарып оны салайық.
Жүргізуші: Аяулы да құрметті 2012 жыл, сен бізбен бірге 365 күн, 365 түн бірге болдың. Бейбітшілік жыл болдың. Рахмет саған.
Ақжол: Өткен жылға ризамыз,
Кемелденді еліміз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз.
Ескі жыл (ұлу): Балаларым, балғындарым,
Алғысым көп айтар менің!
Дәл осыдан артығырақ
Қарсы алыңдар жылан жылын!
Жүргізуші: Ал балалар, Ескі жыл риза болсын. Өнерлерің болса көрсетіп, көңілін көтеріп шығарып салайық.
Айбек: Жаңа жылдық тойда,
Көрсетейік өнер біз.
Тақпақ айтып, ән салсақ,
Риза болар Ескі жыл.

Ән: Назерке "Ертегілер"
Ескі жыл: Сау болыңдар, балалар,
Келешегі халқымның.
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас - кәрің.
/Ескі жыл кетеді/

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі біздің жаңа жыл мерекесіне арналған кешімізге Қар
ханшайымы да келіпті.
Қар ханшайымы: Балалардың көңілді болғандарын ұнатпаймын, жаман қыздар мен ұлдар. Күлесіңдер, көңілденесіңдер, ендеше қорғаныңдар. Әй, менің сенімді көмекшілерім мұздар, қайдасыңдар? Мұздар ұшыңдар, барлығын мұз етіп қатырыңдар.
/Барлық балалар мұз болып қатады./
Жүргізуші: Менің сиқырлы күшім жетпей жатыр, сиқырды шешу үшін көңілденейік, күлейік. /Балалар күліп қозғала бастайды./
Қар ханшайымы: Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді.
Жүргізуші: Бізді қорқытпа, сені жаңа жыл кешінде не күтіп тұрғанын әлі білмейсің.
Қар ханшайымы: Мен көрейін, мені не күтіп тұрғанын. Әй сыған қызы Аза, кел маған бал ашып бер.
/Билеп сыған қыздары келеді/
Сыған: Неге шақырдың, Қар ханшайымы?
Қар ханшайымы: Жетер билегенің, енді маған мына жаңа жыл кешінде не болатынын айтып бер.
Сыған: Қазір, қазір, менің жарқыным, о сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолындағы таяқшадан ерисің. Алақан сызықтары алдамайды, өтірік айтпайды.
Қар ханшайымы: Сен не деп отырсың, оңбаған, мыстан сыған, қане жоғал!
/Сыған кетеді, Қар ханшайымы ойланып қалады./
Аяз атаның қолындағы таяқшадан еримін бе? Мүмкін емес, бірақ алақан алдамайды.
Мен ойланайын.

Жүргізуші: Балалар, Қар ханшайымынан қорқып тұра бермей, мерекемізді жалғастырайық, ән салып, би билейік.
Қар ханшайымы: Мен ән, күлкі, мерекелеріңді ұнатпаймын. Мерекелеріңнің шырқын бұзамын. Ха - ха - ха!
Жүргізуші: Балалар, Аяз атаны көмекке шақырайық. Қане, барлығымыз бірге "Аяз ата, Ақшақар" деп айғайлайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата! Амансың ба Ақшақар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар
Ажарларың атқан таңдай,
Киімдерің қандай, ел аман,
Жұрт тыныш, көңілдерің
Шат екен.
Ақ қырауға малынған,
Сақалым да, мұртым да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берем жұртыма.
Ақшақар: Ал балалар, балалар,
Құлақ қойып тыңдаңдар.
Мектептің үлкен залында
Жасыл шырша жанында,
Жаңа жылды қарсы алып,
Би билейік ән салып.

Жүргізуші: Аяз ата, Қар ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы, сиқырлы таяғыңызбен оны ерітіп жіберіңізші. /Аяз ата таяғын көтере бергенде Қар ханшайымы келеді/.
Қар ханшайымы: Аяз ата, балалар, мені кешіріңіздер. Мені ерітпеңіздер, мен сіздермен бірге көңіл көтерейін.
Аяз ата: Қане балалар, кешіреміз бе?
Балалар: Иә, кешіреміз!
Жүргізуші: Ендеше мерекемізді жалғастырайық. Шеңбер құрып тұрайық, шыршаның шамдарын жағайық.
Балалар: Қуант, шамдарыңды жарқырат.
/Шырша шырағы жанады, балалар қол соғады/
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерімізді көрсетіп, Аяз атадан
сыйлық алайық.
Жүргізуші: Тақпақ дайындаған балалар келе қойыңдар.
Аяужан: Жаңа жыл келді міне жерімізге,
Әкелген құт береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындық жолатпасын елімізге.
Ернар: Келді тағы жаңа жыл
Қуантамыз сіздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймын сіздерді.
Аяулым: Аппақ күміс бар далам,
Зымыраймын шанамен,
Тоғайлар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
Жиналып алып бар бала
Тұрғызамыз қар қала.
Айжан: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, би де әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, Жаңа жыл.
Ислам: Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ата келеді.
Жаңа жылда сәбилерге
Сыйлық әкеп береді.
Абылай: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Ботагөз: Шаттық жыр, шатты жыр
Дидарында шаттық нұр.
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық жүр.
Асима: Шырша құрып алаңға,
Жырға шашу шашайық.
Тойға көңіл ашайық,
Қане, әнге басайық.
Ақшақар: Аяз ата, Жаңа жыл қайда, жолда келе жатып адасып кетпеп пе екен.
Балалардың көмегімен тауып алсақ қайтеді.
Жүргізуші: Қане балалар, олай болса, кел Жаңа жыл деп айқайлайықшы.
Жаңа жыл: Халқым менің!
Жаңа жылмын сен!
Елді шарлап самғаймын,
Бір күн қызық бір күннен
Бола берсін әрдайым.
Жаңа жылдың бастауын
Сендермен тойлайын.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар және Жаңа жылды ортаға алып, шыршаны айнала
"Аппақ, аппақ" әнін орындайық.
Ән: "Аппақ, аппақ"
Би: « Шығыс» Анэль
Ән: "Айгөлек" Олжас, Айша, Ермек, Айғаным, Сұлтан Ж.
Ойын: "Шаңғышы"
Мақсаты: Билеп жүріп жүруге үйрету.
Шарты: табандарына ақ қағаз қойып, билеп жүріп соны жылжытады.
Вальс "Ақ қайың" Нурислам - Шұғыла, Ә. Темірлан - Шұғыла, Темірлан - Дильназ,
Алмат - Әдемі, Айбек - Балауса, Бекжан - Унзиля
Ән "Төлдер" Біржан, Нұралы.
Ойын: "Биші жұп"
Мақсаты: Әдемі билей білуге тәрбиелеу.
Шарты: Шарды екі бала екі жағынан қысып алып, шарды қолмен ұстамай билейді.
Ән: "Қошақан" Алишер, Сұлтан. Е, Мағжан, Бекарыс, Зухра, Перизат
Ән "Әрқашан күн сөнбесін" Асыл, Асанәлі, Теміржан, Алихан
Би Өзбекше Мөлдір
Аяз ата: Балалар, біздің әлі де баратын жерлеріміз көп. Бізді өздеріңдей балалар тосып отыр. Келесі жаңа жылға дейін сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар!

Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі ата - аналарға беріледі.
Енді балалар ір топ өз кабинеттеріне барып, Аяз ата тастап кеткен сыйлықтарымызды алайық. Осымен жаңа жыл кешіне орай дайындалған кешіміз аяқталды, сау болыңыздар.
7 954
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кел төрлет, Жаңа жыл!
Кел төрлет, Жаңа жыл!
Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бұл мерекеміз қуаныш пен күлкіге толы болсын.
Жаңа жылға саяхат
Жаңа жылға саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Абай ауылы, №90 Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Жалелова Динара Онгаровна
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
Жаңа жылда жасарған Жаңа шырша жас арман Жалт - жалт етіп көрінер Аппақ әлем құлпырған
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада. Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! 2 - жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×