Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлықты да, алыпты да дүниеге әкелетін - ана

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Класы: Мектепалды даярлық тобы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлықты да, алыпты да дүниеге әкелетін - ана»
Класы: Мектепалды даярлық тобы
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз мейрамын қастерлеу сезімін дамыту, олардың аналарға деген балалық махаббатын, бірге оқитын қыздарға деген сыйластығын арттырып, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиеші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
(Үнтаспадан баяу әдемі бір әуен естіліп тұрады.)
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті асыл Аналар, қыз - қызғалдақтар, қонақтар, ақжаулықты әжелер, қадірлі ұстаздар!
Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенге көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса, біздің асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын! - Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар, 8 наурыз мерекесі құтты болсын.
Тәрбиеші:
Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың, - дей келе, бүгінгі мектепалды даярлық топ оқушыларының аналарының мерекесіне арнап дайындаған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
(Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді)
Нұрдаулет:
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
Ерсұлтан:
- Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
Сағадат:
- Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
Дияс:
- Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
Русланбек:
- Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалып кешіміз.
Барлығы: сіздерге арналады.
Тәрбиеші:
Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз, - деп, аналарымыздың құрметіне оқушыларымыздың әніне кезек береміз.
Ән: «Анашым» (хор)
Барлығы бірге: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Тәрбиеші:
Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда?
Тәрбиеші:
Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?
Балалар: әдемі киінеді, боянады, шаштарын әсемдейді.
Тәрбиеші: Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
Нұрдаулет:
• Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Даярлық тобының» қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
- Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, мерекеге кетті.
Сән салоны
Ерсұлтан:
• Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Даярлық» тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
• - Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана таксимен мектепке мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.
(Музыка ойналып қыздарды Спанч боб алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады)
Спанч боб Сағадат:
• Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар. Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекеге шақырды. Мені бәрін танитын шығарсыңдар. Мен кіммін? Сендердің мектептерің қандай тамаша?
Тәрбиеші:
• Ой, Спанч боб, саған көп - көп рахмет. Біз қыздарымызды тосып отыр едік. Сен біздің мерекеде бірге бол.
Тәрбиеші:
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген – өмірдегі қамқорың,
Ана деген – сүйенерің, жан құрбым, - деп кезекте оқушыларымыздың аналарына арнаған тақпақтарына береміз.
Ақниет:
Ән салғызып билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойнатады күледі.
Қызық - қызық ертекті,
Бізге оқып береді.
Жылауық та, тентек те,
Біздің апайға көнеді.
Нұрдаулет:
Мұрат, мүлде, мақсатым,
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың,
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Аружан:
Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектепке мен барарда,
Мейірлене қарайсың.
Ана мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Анам мені «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Ерсұлтан:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Бүгін 5 - тік баға алдым,
Тағы, тағы алармын.
Үздік оқу тартуым,
Мейрамына анамның.
Би: Түрік биі
Билейтін: Жонысқызы Диана
Тәрбиеші:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай - салада ағады,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: (көктемде)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, көптен күткен мезгіліміз көктем де келді, сағынған!
(Көктем билеп келеді)
Көктем: (Ақниет)
Наурыз айы көктеммін,
Күлімдеп күмбез көкте күн.
Жайқалған жасыл жапанға,
Жылулық нұрын төккенмін.
Сәлеметсіңдерме, балалар, апайлар, аналар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Менімен бірге жылулық пен әсемдікте келді, сендерге деген сыйлығым бар. (гүлдерін көрсетеді)
Тәрбиеші: Рахмет, Көктем ханшасы! Енді бізбен бірге бол, төрге шық!
Диана:
Мен не керек десем,
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
Сағадат:
Бауырсақ шайнап жегізген,
Жая десем жал беріп,
Шекер десем, бал беріп,
Аялап мама емізген,
Аяулы анам, аман бол.
Тәрбиеші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ, - дей отыра, кезекті оқушылардың аналарына арнаған әніне береміз.
Ән: «Апам үшін» (хор)
Русланбек:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Менің әжем жыр әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз ана, ол әжем.
Көркем:
Мәпелейсің мені, анам,
Қасыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңа қысылмай.
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң екен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен.
Дияс:
Үн қатамын бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Тәрбиеші: Балалар енді біз аналарымызды сынап ойын ойнатып көрейікші.
Ойын: «Аялы алақан»
(2 - 3 ананың көзі байланады, өз балаларын тауып алу керек. Балалардың орны ауыстырылады)
Тәрбиеші: Рахмет сіздерге, аналар!
Диана: Кім ойлап тапқан
Сөздерді ең аяулы.
Жақсы көріп жаттадым
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқаны:
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәтті» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар!
Сағадат: «Күнім»
«Жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
«Қошақаным» дегенді
«Айналайын» дегенді
«Толған айым» дегенді
Ойлап тапқан Аналар!
Мұны біле бермейді.
Бізде кейбір балалар.
Тәрбиеші:
Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз, - деп ортаға мектепалды даярлық топ қыздарының биіне кезек береміз.
Би: «Көңілді би» (Даярлық топ қыздары, қолшатырмен)
Билейтіндер: Даярлық топ қыздары
Көрініс: Екі ана
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық. Үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар: тәрбиеші, қыз, ана
Тәрбиеші:
Ойыннан келген Көркем,
Қуыршағын іздеді.
Үстелдің астынан тапты да
Хал сұрады көздеді
Көркем:
Қызым менің қалайсың?
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отыр ма?
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесің
Қу сүйек боп қаласың
Отыр қане қасыма
Тамақтанып аласың
(қуыршағына тамақ береді)
Тәрбиеші:
Аружанның осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат таппай қызының
Халын сұрап біледі
Анасы:
Көркем жан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағынды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін.
(Қызының қасына тамаққа отырады)
Тәрбиеші:
Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әр қайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Балалар бәрі:
Қандай қиын қараңдаршы.
Қырсық мінез бала болу
Бәріне де оңай емес
Білесіңдер ме ана болу
Би: Гүлдер биі (Аружан, Ақниет, Көркем, Диана)
Тәрбиеші:
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерің, - деп ортаға 2 - 3 ананы шақырамыз.
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек.
(ойын ойналады)
1. Сіздің есіміңіз?
2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?
4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тағамыңыз?
6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз қандай?

Би: Сәнді қыздар мен ұлдар (Мектепалды даярлық топ оқушылары)
Тәрбиеші: Жақсы, аналар сізге көп - көп рахмет дейміз.
Тәрбиеші: Ендігі кезекте оқушыларымыздың аналарына арнап жасаған сыйлықтарын табыстасын.
(Сыйлық беру сәті)

Қортынды:
Тәрбиеші:
Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!
Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет!
10 446
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
8 наурыз мерекесіне арналған "Айналайын ақ мамам!"
8 наурыз мерекесіне арналған "Айналайын ақ мамам!"
Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжемізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
(Сыныптан тыс шара) Кішкентай арулар
(Сыныптан тыс шара) Кішкентай арулар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбевна
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×