Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не деу керек?

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Тақырыбы: Не деу керек?
Мақсаты: Балаларды имандылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып әдептілікке, имандылыққа баулу.
Көрнекіліктер: Мақал, мәтел, сурет үлгілері, нақыл сөздер.
Әдіс - тәсілдері. Сұрақ - жауап әңгімелеу, түсіндіру.
I. Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Мен ақылдымын.
Мен қиындықтан қорықпаймын.
Мен жаспын, қандай әдемімін.
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді.
Мен барлық туыстарды жақсы көремін.
Әңгіме
Базарлық
Бейбіт пен Әлима ерте тұрды. Айналасына қараса әжесі жоқ.
- Әжем қайда? - деді Бейбіт.
- Базарға кетті, - деді анасы дастархан жаюға кірісіп.
- Мені неге әкетпеді? - деді Бейбіт.
- Мен де баратын ем, - деді Әлима жыламсырай.
- Базарға баратын болсаңдар ерте тұрмадыңдар ма?
- Біздер кеш тұрдық па? Ерте тұрдық, - деп бұртиды Бейбіт.
- Сәл күте тұрыңдар, әжелерің келіп қалар. Өзіне мәсі алам деген.
Бейбіт пен Әлима ертеңгі тағамдарын ішіп – жеп болған соң, ауылдағы көше бойына кетті. Әжелерін күтуге асықты. Шынында да үш – төрт жеңіл көліктен соң келесі көліктен әжесі түсті.
- Оу, айналайындар, бұл жерде неге отырсыңдар?
- Сізді күттік. – Бізге неге айтпай кеттіңіз?
Бейбіт пен Әлима әжесінің қолындағы сөмкеге қарады. Оның аузын ашқысы келіп ұмтылды.
- Не әкелдің әже? – деді Бейбіт.
- Мәсі алдыңыз ба? – деді Әлима.
- Алдым. Аяғымдағы жарамай қалыпты. Тігісі қайта – қайта сөгіле берекемді алды, - деді әжесі.
- Жақсы бопты, әже, - деді Әлима.
- Бейбітке қысқа жылы аяқ киім, саған жылы ішкиім алдым.
Сендерге базарлық алдым. Зейнет ақым осымен таусылды. Бәрі де керек. Алмасаң болмайды. Өзіме ғана алып, сендерге қалай алмаймын, жандарым? – деп әжей Әлимаға қарады.
- Көрейікші, әже, әдемі ме?
- Иә
Үйге келгенше өз базарлықтарын көргенше Бейбіт пен Әлимада дегбір қалмады. Бірінің қолында бәтеңке, екіншісінің қолында мамық ішкиім.
- Баланың қуанғаны - әлемнің қуанғаны, шіркін! – деп әжей немерелерінің бойлары көкке жеткен көңілдеріне ортақтасып. Әп – сәтте алдында Бейбіт пен Әлима су жаңа базарлықтарын киіп алып, арлы – берлі масайрап, шаттанып жүр. Әжесі де сүліктей қара жылтыр мәсісін құнттап киіп алыпты.
Не деу керек?
Анаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
- «Рахмет,» - деп барып жеу керек.
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу, айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Жөн еді не айтқаның?
- «Кешіріңіз»
Әжең сенің түскі асқа
Қанттарды салды мол,
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Әй - шәйі жоқ салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?
«Жеуге бола ма?»
Добын апар Назардың
- Деді ағаң. Бармадың.
Тапжылмадың.
Сазардың.
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?
- «Жарайды аға апарайын»
Ө. Дүйсенбиев
Сұрақ - жауап.
1. Балалар сыйлық алғанда не деп барып алу керек?
2. Абайсызда көршіңді немесе досыңды ренжітіп алсаң, не деу керек?
3. Дастарқан басында сен өзіңді қалай ұстайсың?
Сергіту жаттығуы.
Қанат жаям жалма - жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Дидактикалық ойын: "Жеміс - жидектер"
Қорытындылау.
Сабаққа өте белсенді қатысқан балаларды мадақтаумен аяқталады.
13 354
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Маша мен аю
Маша мен аю
Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Дымбілмеске көмектесеміз. Дауысты, дауысыз дыбыстар
Дымбілмеске көмектесеміз. Дауысты, дауысыз дыбыстар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Балабақша тәрбиешісі Эрмекова Ағилаш Реймбаевна
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
"Әке мен бала" Ыбырай Алтынсарин
"Әке мен бала" Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)
Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)
Мақсаты: Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: сурет үлгілері, мақал - мәтел, бейне таспа.
Әзілхан мектепке барады
Әзілхан мектепке барады
Балаларға әңгімені ықыласымен тыңдауға баулу, оқылған әңгімені дұрыс түсінуге, ойларын тиянақтау, байланыстырып, сөздік қорын байыту, сөйлеуге дағдыландыру. Әдептілікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×