Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді қыс және қысқы ойындар

06 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Білім саласы: "Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту.
Көрнекілік: Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері.
Пәнаралық қатынас: Сауат ашу, математика, музыка.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайларға амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

І. Кіріспе бөлім
Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)

- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала жасаймыз.
(Есік тықылдатып Аққала келеді)
- Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті.
- Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын орындайық.
Аққаланың тапсырмалары:

1 тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2 тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық.
Оқушы: Сырғанаққа мығымбыз
Шыныққанбыз, шымырмыз
Таудан төмен сырғанап
Біз тебеміз сырғанақ.
Оқушы: Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.

Оқушы: Біз батыр баламыз,
Жылы үй - қорамыз.
Ақ ұлпа қарыңнан
Аққала саламыз.

Оқушы: Келді - дағы қыс
Дала аппақ түс
Қос аяқта шаңғымыз
Дөңге шықтық бәріміз.
Оқушы: Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.

3 тапсырмасы: Сергіту сәті
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)

4 - тапсырмасы:"Қайсысы артық" дидактикалық ойыны.
Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінін сұрау.

5 - тапсырма: Санамақ айту.
Оқушы: "1" дегенім - бөрік,
Кисең бойға көрік.
"2" дегенім - етік,
Киер сәнді етіп.
"3" дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
"4" дегенім - тымақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
"5" дегенім - байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Оқушы: Буынғаным -
Бір белдік,
Мұны, қане,
Бір делік.
Екі қолғап,
Бір шалбар
және үстімде бір тон бар.
Барлық бала кимей ме:
Екі шұлық,
Бір жейде.
Оған енді тосылмай,
Екі етікті қосыңдар.
Он болды ма барлығы,
Еске сақтап қал мұны!

6 - тапсырма: Дәптермен жұмыс.
Ребус шешу,"Не артық" (Қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын табу)
7 тапсырма:"Аққала" дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.

8 тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуын жаттап, айту.
Ша - ша - ша
Жап - жасыл шырша.
Ар - ар - ар
Қандай аппақ қар.
Ыс - ыс - ыс
Келіп қалды қыс.

9 тапсырма: "Зырлайды шанамыз" өлеңін айту.
Оқу іс - әрекетін қорыту:
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?
- Қардан не жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?
Бағалау: Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатысқандарың үшін аққала қуанышты хабарламасын ала келіпті.
73 842
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Шана. Қыс қызығы
Шана. Қыс қызығы
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Көкөністер
Көкөністер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Қыс ( сурет бойынша әңгіме)
Қыс ( сурет бойынша әңгіме)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Сүйінтаева Айжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×