Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы киімдер

11 қаңтар 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.

Оқу - іс әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сұрақтарға жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде қалай киінеміз? (Балалар толық жауап береді).
- Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айнұр келіп отыр. Ол жай келген жоқ. Сандығы толы киімдермен келіпті.

Сендер мұқият қараңдаршы, Айнұр үстіне қандай киімдер киіпті?
- Қалың киім киген.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Қыс мезгіліне сай киіпті.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қысқы киімдер.

ІІ. Негізгі бөлім.
а) - Балалар, Айнұр сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Соны таратып беремін. Ал сендер киімдерге сипаттама бересіңдер. Мысалы, малақай - құлағы бар жылы баскиім, құлақшын. (Сурет алған балалар осылайша сөйлем құрап айтады).

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима - жүннен басылған қысқы аяқкиім.
Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік – іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық.

б) Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.

в) «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: тон, пима, қолғап, күрте, тұр. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып, сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады. Мысалы: Қыста қалың тон киеміз.

тон, пима, қолғап, күрте, телпек
г) «Балаларға арналған киім дүкені» тақырыбында мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
д) Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.
«1» дегенім – бөрік,
Кисең бойға көрік.
«2» дегенім – етік,
Киер сәнді етіп.
«3» дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
«4» дегенім – тымақ
Қыста кисең жылы - ақ.
«5» дегенім – байпақ,
Іші жылы тайпақ.

ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
а) Сұрақтарға жауап алу.
ә) «Не артық?» дидактикалық ойыны.
- Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?
- Туфли артық. Өйткені туфлиді күз, көктем, мезгілдерінде ғана киеміз.
б) – Бүгінгі сабақта қысқы киімдер туралы әңгімеледік. Оларды басқа киімдерден ажырата білетін болдық. Киімді әр жерге лақтырмай, кір қылмай таза ұстау өздеріңе байланысты. Киімді күтіп таза ұстап жүрейік!
43 122
0
  • 100
19 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектепте Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Абилдиева Гульшат Желдешовна
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×