Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем

12 қаңтар 2014, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, интерактивті тақта.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Жылулық шеңбері.
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің жылуымен жылытып, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

Балаларға төмендегі сұрақтарды қою:
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Жыл мезгілі төртке бөлінеді.
- Ендеше жыл мезгілін атаңдар.
- Күз, қыс, көктем, жаз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Назарларымызды тақтаға аударайық. (интерактивті тақтадан көктем мезгілі туралы бейнефильм көрсету).
- Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
- Бұл – көктем мезгілі.
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
- Өйткені, жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр.
- Жарайсыңдар, қандай ақылды, аңғарымпаз балаларсыңдар! Біз бүгінгі сабақта «Көктем» тақырыбында әңгіме жүргіземіз.

ІІ. Негізгі бөлім.
- Көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме?
- Иә, жақсы көреміз. Бізге көктем мезгілі ұнайды.
- Көктем мезгілін мен де жақсы көремін. Сондықтан да:
- Көктем нұры қуатты,
Қарлар еріп, су ақты.
Күн күлімдеп төбеде
Төгіп тұр ғой шуақты.
Құстар келді ән салып,
Дала толды гүлдерге.
Осы шақты аңсадық,
Ғажап қой бұл білгенге!, - деп жырға қосамын.

- Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай – салаға аға бастайды. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары туған өлкеге қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ (гүлдердің суреттерін слайдтан көрсету).

- Менің қолымда бірнеше көктем гүлдері бар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сабақ соңында тарту етемін.

Әліппе – дәптермен жұмыс.
а) Тұманбай Молдағалиевтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жаттату.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Баға біл – малды жайылымға апарып бағу, баптап - күту.
Қой айдасып – қойды екеулеп айдау, көмектесу.
б) Сергіту сәті:
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап.
в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттау. Мысалы: Сарғалдақ гүлінің түсі – сары. Өте әдемі көктем гүлі. Иісі – керемет. т. с. с.
г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.

ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
Топтастыру арқылы сабақты қорытындылау.
Сабаққа белсене, жақсы қатысқан балаларға көктем гүлдерін сыйға тарту.
23 558
0
  • 100
19 дауыс


Жаңалықтар
Көктем сәні
Көктем сәні
Мақсаты: 1. Көктемнің алғашқы гүлдері туралы білу және оларды үш тілде айтуға үйрету. 2. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін жетілдіру. Үй жануарлары және олардың төлдері туралы түсіндіру дамыту. 3. Балаларды ұйымшылдыққа, әдептілікке,
Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.
Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.
Жаз мезгілі, жазғы ойындар, жазғы табиғат, жазғы еңбек жайлы түсінік беру Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.
Көктем келді
Көктем келді
Балалар, көктемде күн шуағын шашады, қар ериді, жерге жасыл шөптер шығады, түрлі гүлдер өседі, ағаштар бүршік жарады, бұтақтарға жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды,
Көктем
Көктем
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×