Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М дыбысы мен әрпі

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Сауат ашу
Тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
а) білімділік: М м әрпімен таныстыру арқылы білім беру, М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. Дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе - дәптер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық.
- Рахмет балалар.

2. Қайталау.
- Балалар өткен сабақта не өттік? Қай дыбыспен таныстық?
- Д д дыбысымен
- Ол қандай дыбыс
- Қандай сөздермен таныстық?
- Доп, домбыра, долана, дөңгелек.
- Бүгін біз М м әрпімен танысамыз.

3. Жаңа сабақ
- Балалар мені мұқият тыңдаңдар:
Мамырда бар
Ақпанда жоқ
Қамырда бар.
Ақ нанда жоқ.
- Қай сөзде М м дыбысы естіліп тұр?
- Мамырда, қамырда
- М қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Дауыссыз
- Неліктен? Еріндеріміз бір - біріне тиіп, кедергі болып тұр. Тақтада ілініп тұрған суреттерді атап, сөздерді буынға бөліп, сөйлемдер құраймыз.
- Балалар, Мақта қыз дегеніміз кім?
- Ол ертегі кейіпкері
- Ендеше сол Мақта қыз бүгін біздің сабағымызға келіпті, оны қарсы алайық
- Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге арнайы ертегілер елінен тапсырмалар алып келдім, орындасаңдар сендерге жұлдызшалар беремін.

1 - тапсырма: «Жұмбақ шешу»
1 қатар: Инеліктің апасы
Ызыңдаған дыбысы
Шақса белгі салады
Қаныңды да сорады. (маса)
2 қатар: Қыста жылт - жылт етеді
Қолдан суық өтеді
Күн жылынып жылбырап
Су боп ағып кетеді. (мұз)
3 қатар: Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (мысық)
2 - тапсырма:
Әріптер жазылған карточкалар, сол әріптер арасынан М әрпін тауып, көк түспен бояу.
3 - тапсырма:
Жасыл, сары, қызыл конвертке суреттер салынған, балалар өз қалаулары бойынша түс таңдап, суреттерді атап, буынға бөліп, сөйлемдер құрау.
4 - тапсырма: Сауат ашу дәптеріндегі М м дыбысын үлгі бойынша әдемі, маржандай етіп жазу
Тапсырмаларды орындап болған соң Мақта қызбен қоштасу.
- Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.

4. Сергіту жаттығуы.
«Қара жорға» әуенімен билеп неше түрлі қимылдар жасау
5. «Ұшты - ұшты» ойыны

6. Қорытындылау.
- Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Мақта қыздың тапсырмалары ұнады ма?
Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту, бағалау.
8 834
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×