10 саны мен цифры
Сыныбы: 0
Математика
Сабақтың тақырыбы: 10 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға 10 саны және цифрымен таныстыра отырып, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін білдіру. 10 көлеміндегі сандарды қосып азайтуға үйрету;
б) Дамытушылық: оқушылардың ой – қиялын, математикалық тілін, дүниетанымын дамыту. Логикалық ойын ұштау. Саусақтың ұсақ моторикасын жетілдіру:
в) Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, жұптық, жеке жұмыстарға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: көрнекілік, әңгімелеу, көркем сөз, ойын,
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, айналамен танысу,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқу – құралдарын алдыру;
2. Психологиялық дайындық;
- Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Қазақстан еліміз!
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
- Иә, балалар, сіздер еліміздің болашағысыздар. Егеменді еліміздің туын берік ұстау үшін біз қандай болуымыз керек?
- Әдепті, ақылды, сабырлы, білімді болуымыз керек.
- Ендеше, математикалық білімімізді толықтыру үшін математика сабағымызды бастайық.
• Математика сабағында нелерді үйренеміз?
- Санауды, сандарды, есеп шығаруды.
- Астанаға немен барамыз?
- Пойызбен барамыз.
- Ендеше міне, пойыз. Пойызға мініп, әр вагондағы тапсырмаларды орындасақ.
ІІ Өткен материалды қайталау
1. «Пойыз құрастыр» ойыны
2. Оң және кері санау. Топтық жұмыс.
1 қатар – 1 ден 8 – ге дейін және кері санау
2 қатар – 1 ден 9 – ге дейін және кері санау
Санамақ:
Бір дегенім – бөрік,
Кисем бойға көрік.
Екі дегенім – етім,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім – тұмақ,
Қыста кисең жылы – ақ.
Бес дегенім – байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Алты дегенім – алқа,
Мойныңа тақ ал да.
Жеті дегенім – жейде,
Кір болмасын кейде.
Сегіз дегенім – сенсең,
Тонның жылысы сенсең.
Тоғыз дегенім – телпек,
Болма бала тентек.
Он дегенім – оймақ,
Жүрме босқа ойнап.
ІІІ Жаңа сабақ мазмұны
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Тапсырмалар орындау.
1 шарты: «Біліміңе білім қос»
Ой шапшаңдығын жаттықтыру.
Дөңгелек ішіндегі сандарға қосындысы сәйкес келетін сандарды қоршап сыз.
3 4 6 5 1 7 9
2 шарты: «Әдеміліп жазып көр!»
10санының цифрының жазылуы:
а) үлгі бойынша көрсету;
ә) ауада жазу;
б) дәптерге 10 йифрын жазу;
- Партаға отырдық па? – Иә.
- Иығымыз тік па? – Иә.
- Дәптер, қалам алдық па? – Иә.
- Ендеше, салақтықты тастайық, әдемілеп жаза бастайық,
10 10 10...
10 > 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
10 = 10
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
3 шарты. 10 санының құрамы
9 + 1 = 10
8 + 2 = 10
7 + 3 = 10
4 шарты. «Ойлан, тап».
а) Логикалық санамақ, мазмұнды есептер
Шығармақ болып кеше есеп, Он асықтың екеуін,
Жиналғанда 10 есек. Досың сұрап алады.
Біреуі ұйықтап отырды, Айтшы сонда нешеуі,
Ынталысы неше есек? 10 – 1 = 9 Өз қолыңда қалады? 10 – 2 = 8
Себетте 10 алма тұр еді. Оның екеуін Азат, біреуін Әсет алды. Себетте неше алма қалды? 10 – 3 = 7
Апасы Алмасқа 10 қалам сатып әперді. Оның 4 – еуі қара түсті. Қалғаны көк түсті. Көк түсті қалам нешеу? 10 – 4 = 6
Аулада 10 құс жайылып жүр еді. Оның бесеуі үйрек, қалғаны қаздар. Аулада неше қаз жайылып жүр? 10 – 5 = 5
ә) «Тоғызыншыны тап».
Күн, ай, жұлдыз.
Шешуі: (суретін салу)
Сергіту сәті.
Жаза, жаза жазуды,
Талып қалды қолымыз.
1, 2, 3 –
Саусақтарым жина күш.
5 шарты «Өзіндік жұмыс»
Белгісіз санды тап
3 + 7 = 10 6 + 4 = 10
4 – 2 = 2 10 – 3 = 7 (Оқыта отырып тексеру)
IV. Сабақты қорытындылау.
Балалар, сіздер сабаққа жақсы жақсы қатысып, келген қонақтарға білімдеріңді көрсеттіңіздер. Мен де, сіздердің Қазақстанның үлкен азаматтары болатындарыңызға сенімдімін.