Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары.
Өтпелі тақырып « Балабақшада»
Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым - қатынас жасау дағдыларын, танымдық ой - өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау, негізгі қимыл түрлерін және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
2. Ересектермен және балалармен еркін қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту;
3. Сенсорлық қабілеттерін, танымдық қызғушылықтары мен шығармашылық қиялдарын жетілдіру;
4. Сезімдік қасиеттері, эстетикалық талғамдары және бейнелеу дағдылары мен музыкалық білімдерін кеңейту;
5. Отансүйгіштік сезімдерін күшейту және өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары жүктеу