Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауаттылық – менің қалауым

29 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Салауаттылық – менің қалауым
Мақсаты: «Бірінші байлық денсаулық» деген
сөзді кеңінен түсіндіре отыра, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтарын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру. Қазақстандағы спорт әлемінің жұлдыздары туралы білімдерін кеңейтуге тәрбиелеу.

Міндеттері: Жас бүлдіршіндерге салауаттылықтың, мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту, мейірбандылыққа баулу.
Көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, кітаптар, альбомдар
оқушылардың шығармашылығы көрсетілген бұрыш.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта, компьютер.

Мұғалім: Армысыздар, ардақты ұстаздарым!
Жас бүлдіршін оқушыларым. Бүгінгі “Салауаттылық – менің қалауым”атты сайысқа қош келдіңіздер! Денсаулық – адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Салауаттылық әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы.
Салауаттылық – менің қалауым. (слайд көрініс )

І - оқушы “”Салауаттылық деген не?”
Салауаттылық – сергек те,
Таза жүру өмірде.
Адамзаттық келбетке,
Дақ түсірмеу тегінде.
Бала болма тырысқақ,
Қылығыңды ел сынар.
Таза ауамен тыныстап,
Бой қыздырып, тер шығар.
Салауатты салтты ұғып,
Таңда жолдың дұрысын.

Ән: “Спорт біздің досымыз ”
Биік тұрсын, ар - ождан болар шағың
Тілейміз біз сәттілік бұл өнерде.
Оқушыларды топқа бөлу.

І топ: «Алау» тобы: «Шынықсаң, шымыр боларсың».
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

ІІ топ:”Жас ұлан” “Еңбек етсең жасыңнан, бақыттысын жас ұлан ”
Қалықтап көкте жас қыран,
Қырандай ұшып биікке.
Туыңды ұста биікте.
Тобымыз біздің - “Жас ұлан”
І тапсырма “Кім шапшаң?” Оқушылар уақытқа, ойланып жасырын тұрған сөздерді әкеп тапсырманы орындайды
І топ Жеті ата - әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
ІІ топ Жеті күн - дүйсенбі, сейсебі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
ІІ тапсырма « Тапқыр болсаң, шешіп көр» Әр топ жүгіріп кезекпен өздері жасырын берілген нақыл сөздерді әкеліп аяқтап мағынасын түсіндіреді. “ Ердің саулығы – елдің байлығы”, “Жаны саудың - тәні сау”
ІІІ тапсырма «Спорт - сенің серігің» Ұлттық ойындарды атап көрсету,
ІҮ тапсырма. Топ басшыларына “Кіл жүйріктер кім жүйрік ”арқан тартыс.
Ү тапсырма Өнерпаз болсаң... Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.
10 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Ажалмен ойнама, айналайын
Ажалмен ойнама, айналайын
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалім Омарова Айгүл Серікжанқызы
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×