Білімділер поралы

Ұлттық спорт ойындары

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт ойындары.
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту.
Міндеттері:
А) Білімділік – Оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімдерін жинақтау, бекіту.
Б) Тәрбиелік – Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі - Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі - Түсіндіру, сұрақ - жауап, машықтық, топпен жұмыс, ойын.
Құрал - жабдықтар: ысқырық, уақыт өлшегіш, асықтар, қапшық, кедергілер.
Өтетін орны: Спорт зал.
Сабақтың жоспары
Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)
Негізгі бөлім (25мин)
Қорытынды бөлім (5 мин)

Сабақтың барысы
1. Кіріспе дайындық бөлімі
1. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!(Нұсқау: Оқушылардың дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.)

2. 1 Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а) қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру;
ә) қолмен және кеудемен қарапайым қимыл жасап жүру.;
б) қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру;
в) қолды сермеп, алға қарай және бір жақ бүйірге қарай, кең адымдап жүру.;
(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).
2. 2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
а) Бір қалыпты баяу жүгіру.
ә) әр адымда секіре жүгіру.(бір аяқпен секіру)
б) артпен шегіншектей жүгіру.
в) торға екі адым жасай жүгіру.(ара қашықтық сақтау)
г) қолды желкеге қойып, оң, сол бүйірмен жүгіру.
ғ) қолды алдыға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру.
д) алақанды артқа ұстап, өкшені артқа лақтыра жүгіру.
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
1 - жаттығу.
Б. қ; аяқ иық денгейінде, қол жанында, оң қолда доп.
1 - 2допты алға әкеліп солға беру. 3 - 4сол қолдан оңға беру.
2 - жаттығу.
Б. қ; негізгі тұрыс, допты төмен ұстап тұру.
1 - 2допты оң жақтан артпен айналдыра сол қолға беру. 3 - 4б. қ. Допты сол жақтан арпен айналдыра оң қолға беру.(дене қозғалмайды)
3 - жаттығу.
Б. қ; негізгі тұрыс, допты төмен ұстап тұру.
1 - 2оң аяқты қойып, допты аяқ астынан оң қолдан сол қолға беру. 3 - 4б. қ.(жаттығуды орындағанда дене ні алға шамалы еңкейтеміз)
4 - жаттығу.
Б. қ. Аяқ иық денгейінде допты кеуде алдында ұстау.
1 - допты жоғары лақтыру. 2 - қағып алу. 3 - допты жоғары лақтыру. 4 - қолды шапалақтап қағып алу.(допты біркелкі деңгейде лақтыру)
5 - жаттығу.
Допты жерге қойып, доптың үстінен оңға, солға секіру.
6 - жаттығу.
1 - аяқтың ұшына көтерілу. 2 - қайта түсу.
Қолды белге қойып тұрып: « 1 - 3 « дегенде бір орында үш рет секіру; «4» дегенде кері айналып, орнында тұрып секіру ( 6 - 8 рет қайталау)
(Нұсқау: денені түзу, жаттығуды сан арқылы орындау)
Негізгі бөлімі 25 - 30минут
Сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлу.

«Арқан тартыс» ойыны.
Команданың ортасында арнаулы сызық болады. Белгі бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап тартысады. Кімнің командасы ортадағы белгіден асыра сүйреп алса, сол команда жеңіске жетеді.(Нұсқау: Арқанды ұстағанда бір – біріне қарама – қарсы тұру керек.)

«Қапшық жарыс» ойыны.
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып қапты киіп алып, 10 - 15 метр жердегі арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді, тағы сол сияқты қайталайды.(Нұсқау: Қаптың аузың екі қолмен ұстап жүгіруге болады.)
«Жаяу аударыспақ» ойыны.
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір – бір баланы ат қылып мінеді де, соның үстіне мінеді де, соның үстіне мініп отырып тартысады. Астындағы ойыншы қозғалмай тұруы тиіс. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сол жеңілген болып есептеледі.(Нұсқау: Бірін – бірі ат қылып мінеді. Астындағы ойыншы қозғалмай тұруы тиіс.)

«Омпы» ойыны.
Шеңбердің ортасындағы сызыққа әр команданың ойыншылары өз асықтарын тігеді. Асықтардың дәл ортасында бір асықты омпасынан тігеді. Ойынды бастаушы бастайды. Ойыншылар кезек – кезек асықты атып, ойын өз бастаушы орнына келгенше жалғасады.(Нұсқау: Асықты атқан ойыншы омпыға тигізсе 5 ұпай, асыққа тигізсе 1 ұпай алады. Ойыншылар бір – бірінің артына сапта тұрады.)

«Кім жылдам» ойыны.
Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге допты апарып қойып жүгіріп келу, келесі ойыншы допты алып келеді т. с. с. ойын бастаушы допты алып келіп допты жоғары көтереді.(Нұсқау: Кедергілер арасымен жүгіру.)

Қорытынды бөлім: 5 мин.
Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіруге арналған тыныс алу жаттығуларын жасау.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: Ұлттық спорттық ойындарына байланысты реферат жазып әкелу.
Материал рейтингісі:
  • 20
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 19
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 19
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика