Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынықсаң шымыр боласың

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Шынықсаң, шымыр боласың
Түрі: Сайыс
Құрметті! Ұстаздар мен ата - аналар!
Бүгін «Шынықсаң, шымыр боласың» атты тақырыпта «Әкем, шешем және мен» сайысын өткізгелі отырмын.

Сабақтың мақсаты:
1. Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту қамқорлық жасау, эстетикалық дене мүшесін сомдау. Ата - аналар, ұстаздарп мен жұртшылық өкілдерін ынтымақтастыру.
2. Қимыл қозғалысты дамыту арқылы күш – қуатын молайту, шымырлыққа шапшаңдыққа дәлдікке, қозғалыс дағдыларын игерту.
Әдісі: Ауызша, түсіндіру
Көрнекіліктер: Доп, қап, картоп, секірме
Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
--------------------------
Бүгінгі сайысымыз 6 шарттан тұрады.
І шарт: Допты жерге соғып жүру
ІІ шарт: Секірме мен секіру
ІІІ шарт: Қаппен секіру
ІV шарт: «Картоп егу» ойыны
V шарт: Сауалнамалық сұрақтарға жауап беру
VІ шарт: « Буынсыз дене майысар» (би қозғалысы)

Әке, шешем көңіл қойса дем беріп
Спортты біз сүйер едік тең көріп
Салауатты өмір салтын сақтайық
Спорт қана қамалымыз ең биік

Қазағымда спорттың аты да бар
Ойындар көп, бар елді мойындатар
Бірі жеңіс, біреуі ұтылатын
Топтық ойын жарысын қызықтаңдар

І шарт бойынша: Допты жерге соғып белгіден айналу.
Епті болсаң секіресің жіптен
Жалқаулықты жақындатпа тіптен де
Кім жеңеді, көрсетер оны ойын
Содан кейін тойлайық жеңіс тойын

ІІ шарт: Секірме мен секіріп белгіден айналу.
Қапшықты киіп алайық
Кім алда екенін қарайық
Көріп әсем ойынды
Қуаныш пен тарайык

ІІІ шарт: Қаппен секіріп белгіден айналу.
Қане кім жылдам ойында
Қалдыңба енді мойында
Сайысқа тағы шығыңдар
Топ болып қызық ойынға

ІV шарт: «Картоп егу» ойыны
Спортты да білімді меңгереді
Сұрақтарды білгендер тез шешеді.
Тез ойлауда тамаша қасиет қой
Ұшқыр ойын осыдан білінеді.

V шарт: Сауалнамалық сұрақтарға жауап беру.
Қимыл шіркін келіссе
Барлық қимыл би болар
Спорттың да билерін
Тамашалау жөн болар

VІ шарт: Әр отбасы би түрлерін көрсетеді
8 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
Толағай отбасылық ойыны
Толағай отбасылық ойыны
Оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және ата - аналармен біріге отырып жұмыс атқару.
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК дене тәрбиесі маманы Амиров Әділ
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ Тәрбиеші: Бегжанова Анар Узбековна
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×