Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бимен шынығайық! физминут жарысы

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Бимен шынығайық! (физминут жарысы)
Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті көрермендер! Сіздер биді жақсы көресіздер ме? Бізде бүгін «Бимен шынығайық» физминут жарысы.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз

Жарысқа қатысатындар: 8-9-10 сыныптар

Жарысқа төрелік ететіндер:------------------------
Бүгінгі жарысыты ашу үшін сөз кешті ұйымдастырушы дене тәрбиесі пәні мұғалімі ------------------- беріледі.

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Жарысқа қатысушыларға жас әнші ------------------ ән шашуын жолдайды. Қабыл алыңыз.

Жүргізуші: Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл - күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл - қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным - сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе - келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Ендеше, осы өнерді меңгерген алғашқы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Олар 10 - сынып оқушылары. Қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші: Әр бидің өзінің шығу төркінін, тарихын бағзы кезеңнен жеткен аңыз - әпсаналардан байқап білуге болады. Қара жорға биінің шығуы жөніндегі аңыз алғашқы саз аспабы қобыздың пайда болған, жылқы түлігін үй жануары ретінде қолға үйреткен заманға жетелейді. Түз жылқысын шалмалап ұстап алған жігіт оны қолма - қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқы қара, әрі жорға екен. Өз табысына қуанып шаттанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып, ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Осыдан бастап би Қара жорға аталыпты - мыс.
Біздің келесі бишілеріміз Қара жорғаның хас шеберлері. Алайда олар бүгін заманауи физминутқа арналған би орындайды. 10 - сынып оқушылары сахна төрінде. Қарсы алыңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Денсаулық фестивалі
Денсаулық фестивалі
Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
«Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» спорттық сайыс
Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара. Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Толағай спорттық жарысы
Толағай спорттық жарысы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы. М.О.Әуезов атындағы жалпы білім беретін №6 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У.
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×