Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спортпен достасқаның - күшіңе күш қосқаның

Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Мукантаева Нургуль Кайратовна

Сыныптан тыс шара
Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау.
Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: доптар, секіртпелер, кіші дотар, шығыршық, гимнастикалық төсеніш, ракеткалар, гимнастикалық төсеніш
Сайысқа қыздардан құралған 2 топ қатысады.
Мұғалім:
Әділдікпен әр сайысты бастайтын, туралықтан ешқашан да қашпайтын төрешілер алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. (Әділқазылар алқасы таныстырылады)

Жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде,
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Мұғалім:
І. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Сәлем берем халқыма» атты таныстыру
(Әр топ ұраны мен төсбелгісімен таныстырады)

Жүргізуші:
Эстафета - кедергі балаларға,
Қандай қызық құмартып қарағанда
Жігер керек досыңнан озу үшін,
Жүгіргенде межелі араларға.
Жүгіресің, секіріп, доп ойнайсың,
Аяққа қапты киіп қорбаңдайсың.
Зар қақтырмай сақина - шығыршықты
Мықты спортшы бола алмайсың.

Мұғалім:
ІІ. Ал, енді, келесі кезең «Спорт – біздің досымыз» атты спорттық эстафеталар сайысын тамашалаңыздар.
Белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, жүгіріп қайту.
Аяққа қап киіп секіру.
Баскетбол добын жүргізу.
Туннельден өту
Гимнастикалық төсеніште 1 рет алға домалау, белгіленген жерге дейін секіртпемен секіріп барып, гимнастикалық төсенішке дейін келіп, артқа домалау.

Жүргізуші:
Ұйқы басып, үйден ұзап шықпаған,
Судан шошып, желден тоңып ықтаған
Салауатты өмір салтын ұқпаған
Болған емес денсаулығы мықты адам.

Мұғалім:
ІІІ. «Денсаулық - зор байлық» спорт, денсаулыққа байланысты сұрақтар қоямын, жылдам жауап беруге тырысыңдар.
Қазақстанның танымал спортшыларын ата?
Шахмат ойынында қанша фигура?
ҮІІ Азия ойындарының ұраны қандай?
Биатлон деген не?
Ұлттық ойын түрлерін ата?
Баскетбол ойынында бір командада қанша ойыншы болуы керек?
Спорт тілінде қол күрес қалай аталады? Қандай спорттық ойын түрін білесің?
Спорт түрлерін ата?

Жүргізуші:
Орын алсын салауаттылық санаңда,
Санаң болса пайда әкелер адамға
Ерте тұрып, шынық күнде ерінбей,
Бақыт бітер сонда басқан қадамға.
Жақсы мен жамандықты салыстыр,
Жақсы адам жарқылдаған алмас бір
Шынығуды төзімді тек жалғастыр.

Мұғалім:
ІҮ. Ал, қыздар - ай демалып қалған шығарсыңдар! Спорттық эстафеталар сайысын жалғастырайық.
Кіші доптарды қашықтықтан шелекке көздеп салу.
Белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, берілген есепті шығарып, жүгіріп қайту.
30 секунд ішінде секіртпемен секіру
Допты екі аяғына қысып, секіріп барып келу.
Теннис ракеткасымен добын құлатып алмай ұстап барып келу.

Ү. Келесі кезең «Жақсы кеңес жан семіртеді» атты жарнама. Әр топ үйден дайындап келген жарнамаларын көрсетеді.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда
Алады да тұрғызып,
Еріншектік аз онда
Бастайды ойын бір қызық
Ары - бері жүгіртіп,
Деміңді әсем алғызар.
Тау суынан сіміртіп,
Мейірімді қанғызар.
Билетеді қарға да,
Билетеді мұзға да,
Шығарады жарға да
Шығарады құзға да.
Тау сөйлесер тіл бітіп,
Жеңсең бәрін биіктің
Тастан тасқа ырғытып,

Лағындай киіктің
Атандырып балуан,
Көтереді тоннаны.
Өнері бар алуан -
Спорттың нақ сол мәні.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің.
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер сенен пайдалы
Жүректі май баспайды
Спорт соның айғағы,
Айтсақ мәнін ұқтырып,
Спорт деген мықтылық.

ҮІ. Денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер сайысы.

ҮІІ. Үй тапсырмасы «Спортпен достасқаның - күшіңе күш қосқаның» - спорттық би сайысы.

Мұғалім:
Қорытынды жасау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. (Қорытынды жасалып, қатысушылар мадақтамамен марапатталып, сыйлық беріледі).
6 623
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; Ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Әкеммен, анаммен
Әкеммен, анаммен
Спортшылар арасындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру.
Арақ, темекі – қасірет көзі
Арақ, темекі – қасірет көзі
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс
Толағай (спорттық жарыс)
Толағай (спорттық жарыс)
Мақсаты: 1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балмұқанова Гүлсім
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×