Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты жанұя отбасылық сайыс

23 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
"Біз бақытты жанұя" отбасылық сайысы
Құрметті ата - аналар, ұжымдастар, бүлдіршіндер бүгінгі отбасы күніне арналған «Біз бақытты жанұя» атты спорттық эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Отбасы күніне байланысты шаралар еліміздің барлық жерлерінде тойланып өтеді. Сондай - ақ бүгін біздің балабақшамызда тойланбақшы. Ендеше құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі -----------------------------------беріледі.

Жүргізуші: Денсаулық - ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Cайысты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын отбасыларды,
Арнайы ықыласпен шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1___________________
2___________________
3___________________
Спорттық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын бол жарысқа
Жүгір, секір қалыспаң,
Бір - бірімен жарыста.

I - бөлім « Кім шапшаң» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіріп, кедергіден айналып қайту. Құралдары: (Қапшық - 4, кедергі - 4).

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы 1 - бөлімнің бағасын берейік.
Бала тәрбиелеген тәрбиеші
Бала болып ойнайды.
Бала өсірген ата - ана,
Бала болып ойнайды - деп II - бөліміміз «Епті отбасы» сайысын бастаймыз.

II - бөліміміз «Епті отбасы» сайысын
Ойын шарты: Топ мүшелері кругты кеглилер арасымен домалатып жүріп, кедергіден айналып қайту. (Құралдары: кругтар - 4, кеглилер, кедергі - 4).
Әділқазылар алқасы «Епті отбасы» сайысының бағасын берейік.

Жүргізуші: Уақыт, уақыт куәсің сен бәріне!
Нұр төгеді мына әлем біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Шынығайық әр кез біз спортпен дей келе Ш - бөліміміз «Кішкентай қонжықтар»сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Әкесі мен анасы кезекпен - кезек балаларын арқалап межедегі тудан айналып жүгіріп қайту.
(Құралдары: Ту - 4).
Әділқазылар алқасы осы бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа - деп IV - бөліміміз «Ойлан тап» сайысын бастаймыз.

IV - бөліміміз «Ойлан тап»
Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып алып, кеглилер арасынан жүріп, межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту. Ал балалары кеглилер арасымен жүгіріп, шығарылған есепті алып, әділқазыларға апару.
(Құралдары: Доптар - 4, кеглилер, есептер)

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы 4 - бөлімнің бағасын берейік.

Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Отбасы деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса – деп ең соңғы «Шапшаң отбасылар» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: 1 - ші әкесі кеглилер арасынан жүгіріп барып, межеде шашылып жатқан, геометриялық пішіндерден үйдің қабырғасын қойып, кері жүгіріп қайту. Ал анасы кеглилер арасынан жүгіріп келіп, үйдің шатырын қойып, кері жүгіріп қайту. Әр топ өз үйлерін құрастырады. Сол құрастырған үйге, ата - анасы қолдарын айқастырып алып, баласын отырғызып сол үйге апарады.
Құралдары:( кеглилер, геометриялық пішіндер)

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы соңғы бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей,
Тараса бізге жарады - демекші сайысымызддың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды анықтап, марапаттау сөзін әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір - салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Ендеше денсаулықтың – кепілі спорт демекші спортпен шұғылданайық. «Біз бақытты жанұя» атты эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып қатысқан отбасыларға көп - көп рахмет. Жақсылықта кездескенше қош сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна
19 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық – асыл қазынам
Денсаулық – асыл қазынам
Денсаулық – асыл қазынам. Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері бүгінгі жаздық маусымдық іс - шаралар аясына орай денсаулық күніне байланысты «Денсаулық асыл – қазынам» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер.
Отбасым – өз үйім дарабоз отбасылық сайысы
Отбасым – өз үйім дарабоз отбасылық сайысы
Ата - аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға және бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты жақсарту аясында, олардың дене қозғалыстарын жетілдіріп, салауатты өмір салтын берік ұстануға тәрбиелеу.
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Спортты – біз сүйеміз
Спортты – біз сүйеміз
Кулесова Гүлмира Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×