Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаңғы тебудің әдіс - тәсілдері

16 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Дене шынықтыру
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы,
Абай атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі
Сәлімгереев Әсет Кенжебекұлы

Тақырыбы: Шаңғы тебудің әдіс - тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Шаңғы спортының мазмұнын, ережелерін, ерекшеліктерін шаңғы тебудің әдіс - тәсілдерін, шаңғыны күтіп ұстауды теория жүзінде үйрету. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ,
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, ақпараттық технология, түсіндіру, ассоциация әдісі, баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, жалаушалар, жетондар, теледидар, шаңғы, плакаттар, сөзжұмбақ, эмблемалар, оқулықтар
Пән аралық байланыс: математика, физика, әдебиет, тарих, информатика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,
Психологиялық тренинг.
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе,
Жаңа достар тапқың келсе,
Көңілім сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Арманыңа жеткің келсе,
Үлгілі болам десең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Өз еркіңе тоқтау салып, спортпен шұғылдан!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Шаңғы құрылымы және өлшемдері: шаңғы табаны, шаңғы таяғы, шаңғы бәтеңкесі. (өлшемдердің дұрыстығын теледидардан қарап тексеру)
Қауіпсіздік ережелері.

ІІІ. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту.
Қысқы спорттың түрлері: 1. Шаңғы спорты, 2. Конькимен сырғанау, 3. Хоккей ойыны.
Шаңғы спортының түрлері: 1. Мәнерлеп сырғанау, 2. Биатьлон, 3. Трамплиннен секіру. 4. Тау шаңғысы, 5. Қос сайыс.
(әр спорт түріне тоқталып түсінік беріп кету)
Категориялық топтастыру.
Шаңғы тебудің әдіс - тәсілдері: 1. Таяқсыз жүру, алма - кезек екі адымды жүріс (табиғи жүріс), бір мезгілдегі екі адымды жүріс, конькиші жүрісі. 2. Шырша әдісі, жартылай шырша әдісі, саты әдісі. 3. Соқа тәсілі, сырғанай түсу.
(шаңғы тебудің әдістеріне жеке - жеке тоқталып видеодан көрсету)

ІV Жаңа сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу: ШАҢҒЫШЫ 1. Тауға шығу әдістерінің бірі? (шырша) 2. Биікке көтерілу әдісінің бірі? (соқа) 3. Шаңғы құрылымының бірі? (бәтеңке) 4. Шаңғы неден жасалады? (ағаш) 5. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мезгілдерге арналған өлеңдерінің бірі? (қыс) Оқушылардан білетін шумақтарын сұрау. 6. жұмбақ. Қайқылығына қарамас, Жалпақ табан қара ағаш. Қар болмаса ауладан. Шығуға да жарамас. (шаңғы). 7. Биіктіктен түсу тәсілі? (саты)
«Шаңғымен бағдарлау» дидактикалық ойын:
Жалауша арқылы сұрақтарға жауап беру:
1. Шаңғымен бұрылуды көрсет. 2. Шаңғыны алып жүру әдістерін көрсет.
3. Шаңғы таяғының өлшемі қандай? 4. Шаңғы табанының өлшемі қандай?
5. Шаңғы сабағының қандай қауіпсіздік ережелерін білесің? 6.(фото) шаңғымен бұрылудағы қателікті көрсет? 7. Шаңғы сабағының қандай қауіпсіздік ережелерін білесің? 8. Шаңғымен сырғанау түрлерін ата.
Еліміздегі шаңғы спортынан мағлұматтармен таныстыру. Азиада - 2011 қысқы спорттық ойындарынан мәліметтер келтіру, Елбасының шаңғымен түскен фотолары арқылы Шымбұлақ тау шаңғысы базасына тоқталу. СОЧИ - 2014 Олимпиада ойындарына еліміздің туын ұстап баратын Ердос Ахмадиевтің «Айтуға оңай» бағдарламасына берген сұхбатын теледидардан қысқаша көрсету, еліміздің спортшыларына жеңіс тілей отырып оқушыларға СОЧИ - 2014 эмблемаларын тағу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
Балаларға ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, ойын түрлерін, ережелерін меңгерте отырып, қимыл – қызығушылығын ескере шапшаңдыққа, ептілікке баулу, дене бұлшықеттерін дұрыс қалыптасуын, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Шаңғы дайындығы сабағының күнделік жоспары Волейбол сабағының күнделік жоспары Тоғызқұмалақ сабағының күнделік жоспары
Шаңғы спорты. Биатлон. Аралас эстафета
Шаңғы спорты. Биатлон. Аралас эстафета
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылы, «Жамбыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дюзьбаев Даурен Кенчиликулы
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар топтамасы
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар топтамасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жүкенов Қылыш Санашұлы
Шаңғы жүрістері. Кезектесіп келетін екі қадамды жүріс
Шаңғы жүрістері. Кезектесіп келетін екі қадамды жүріс
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахметов Мирас Жадырасынұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×