Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімділер сайысы

21 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Бастауыш сынып мұғалімі Махатаева Раушан Берішбаевна

Білімділер сайысы
Ашық сабақ жоспары
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Білімділер сайысы»
Мақсаты: Өткен сабақтарды еске түсіріп, жыл мезгілдері, төрт түлік мал туралы түсініктерін бекіту, балалардың тілін дамытып, ой - өрісін кеңейту. Құстар жайлы білімдерін тиянақтау. Балалардың логикалық ойлау қабілетін, тез ойлау белсенділігін арттыру.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекілік: Слайд

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:

1. Ұйымдастыру.
- Тәрбиеші: Балалар көңіл - күйлерің қалай? Онда жылы жүзбен шаттық шеңберін құрып, тілек тілейік.
Аспанда күн ыстық,
Ал жерде не ыстық?
Әкемізбен шешеміз
Бәрінен де тым ыстық.
Жасасын туыстық,
Достық пенен тыныштық.

Балалар бүгінгі сабағымыз «Білімділер сайысы» деп аталады. Сендер төрт топқа бөлініп, сайыста білімдеріңді көрсетесіңдер. Бізге қазылар алқасы әділ бағаларын беріп отырады.
Топ басшылары топтарын таныстырады.
1 топ «Балақай» топ басшысы Айжан
2 топ «Алақай» топ басшысы Ақжүніс
3 топ «Ботақан» топ басшысы Марал
4 топ «Қошақан» топ басшысы Әлібек
1 сайыстың тапсырмасы: Д(о. « Ойлан тап» Слайдтан жыл мезгілдерінің суреті бойынша 4 топтан бір бала әңгімелейді.

2 сайыс тапсырмасы. «Кім білімпаз? Кім ойлампаз?» Барлық топқа бірдей сұрақтар қойылады.
1. Біз қай қалада тұрамыз?
2. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
3. Біздің балабақшамыз қалай аталады?
4. Біз таңертең ұйқыдан оянған соң қайда келеміз?
5. Біз қай топтың балаларымыз?
6. Үйге қай мезгілде қайтамыз?
7. Кемпірқосақта неше түс бар?
8. Табиғат дегеніміз не?
9. Табиғат нешеге бөлінеді?
10. Рәміздерді ата?
11. Отбасы дегеніміз не? Отбасы мүшелерін ата?

Сергіту сәті. Алтыбақан тербеледі,
Алға, артқа шайқала,
Қызғалдақтар жайқалады,
Қандай әсем айнала.

3 сайыс тапсырмасы. Ойын. «Бәрін білгім келеді». Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
Түйе. 1 Үй жануарларын ата
2. Үй жануарларының төлдерін ата
3. Үй жануарларының адамға пайдасы
4. Мақал үй жануарлары туралы
Ұлттық заттар
1. Ұлттық киімдер
2. Ұлттық ойындар
3. Зергерлік бұйымдар
4. Ұлттық тағамдар

Құстар
1. Ұй құстарын ата
2. Дала құстары
3. Құстар қалай дыбыстайды?
4. Құстар туралы тыйым сөз

Ойыншықтар
1. Сүйікті ойыншығым
2. Ойыншықтар неден жасалады?
3. Қандай ойыншықтарды ұнатасың?
4. Топ ойыншықтарын ата

4 сайыс «Ертегілер елінде» Слайдтан ертегілер дің суретін көрсету. Қай ертегі екенін атап, немен аяқталатынын әңгімелеп береді.
Қорытынды. Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай тақырыптар туралы қайталау жасадық? Ендігі сөзді сендердің білімдеріңді бақылап отырған әділ қазыларға береміз. Балалар бүгінгі еңбектерің үшін кішкентай сыйлығымды қабыл алыңдар.

Слайдын жүктеу
6 453
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Махамбетова Жадыра
Ойла. Сана. Епті бол
Ойла. Сана. Епті бол
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. Қиялын ұштап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
«Білімділер» сайтында
«Білімділер» сайтында
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Т. Қазақбаев атындағы орта мектеп технология пәні мұғалімі Қынатбеков Бақытжан
Білімділер өлеңі
Білімділер өлеңі
Әлемнің басын идірген - білімділер! Сөзіне әрқашан да сенімділер Білім өзін сыйлатар әрқашанда Мақсатыңа жеткізер дегім келер. Жасасын қазақ сайты - Білімділер! Іздегенге керегін тегін берер. Еуропаны қалдырар шаң қаптырып, Тек алға, артқа еш
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Сыныбы: 9 ә, б Пәні: биология Пән мұғалімі: Жансүгірова С.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×