Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз! спорттық ойын

14 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
«Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» спорттық ойын
Мақсаты мен міндеті:
1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т. б.

Сайыстың барысы: Мектептің спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

ІІ. жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25жыл толуына орай ұйымдастырылған «Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!

І. жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі. Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.
Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен - еңселі, Әнұранымен - айбатты. Олай болса ортамызға мемлекетіміздің рәміздері Елтаңба, Ту, Әнұранды шақырамыз! (ортаға Елтаңба, Ту, Әнұран ұстаған оқушылар шығады)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!

ІІ. жүргізуші: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!

І. жүргізуші: Ал, енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

ІІ. жүргізуші:
Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз!.

І. жүргізуші: Оқушылар жетекшілерімен қосылып,
отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткендер.
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен, келіңдер!

ІІ. жүргізуші: Ортаға әр сыныптан 5оқушы және сынып жетекшілерінен құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
№1 топ: «Тұлпар» (5 «а»сынып, сынып жетекшісі Жунусова М. Г.)
№2 топ «Сұңқар» (5 «ә»сынып, сынып жетекшісі Ә. Ж. Имамбаева. )
№3 топ «Арлан» (6 «а»сынып, сынып жетекшісі Азимбаева Ғ. К.)
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

І. жүргізуші: Бүгінгі «Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!»
атты спорттық ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.

ІІ. жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, ұстаздар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымызды бастайық.
1. Эстафеталық жарыс (Баскетбол добын кедергілер арасынаналып жүріп, кедергілерде қойылған сұрақтардың біріне жауап береді, осылай топ мүшелері түгел орындайды)

Кедергілерде кездесетін сұрақтар:
1) Тудың авторын атаңыз (Шакен Ниязбеков)
2) Елтаңбаның авторлары кім? (Жандарбек Малибеков және Шота Уалиханов)
3) Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?(Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Әні: Шәмші Қалдаяқов)
4). Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
5). Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
6). Қақпашы нені күзетеді? ( қақпаны)
7). Бір сөзбен айтқанда: асық, тоғызқұмалақ, тығылмақ,
аударыспақ... (ұлттық ойындар)
8). Спорт алаңындағы ең басты адам кім? (төреші)
9). Бокстың алаңы қалай аталады? (ринг)
10) Кросс деген не? (жүгіру).

2. «Картоп отырғызу». 1 - ші оқушыда кеглилері бар корзина. Ол жүгіріп барып залдың шетіндегі обручқа кеглилерді төгіп, бос корзинаны келесі ойыншыға береді. Келесі оқушы жинап алып келеді, осылай барлығы орындап шығады.
3. «Ептілік эстафетасы» Бірінші ойыншы баскетбол добын жерге соғып, алып барып, торға тастап, стол теннисінің ракеткасымен теннис шаригін қақпақылдап алып қайтады, келесі ойыншы теннис шаригін қақпақылдап апарып, баскетбол добын торға тастайды да, секіртпе жіппен секіріп қайтады, осылай барлығы орындап шығады.
4. «Бәйге». Белгі бойынша бала ат болып, баланың иығынан жіппен іліп, қыз бала жіптен ұстап жүгіреді)
5. Пингвин» Допты аяқтың ортасына қысып алып жүру, осылай барлығы орындап шығады.
6. «Сұр қоян» Бірінші ойыншы қапты аяғына киіп, белгі берген кезде бөгетті айналып секіріп келіп, қапты келесі ойыншыға береді, осылай барлығы орындап шығады.

І. жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған сайысымызда аяқталып, жеңімпаздар анықталды.
Әр топ өз қабілеттерін ортаға салып, қызықты да, тартымды сайыс көрсетті. Жарыс болған соң оның міндетті түрде жеңімпазы болады. Сөз әділ қазылар мүшелеріне беріледі.
Жеңіске жеткен топтарды марапаттау.

І. жүргізуші:
Құрметті спорт сүйер қауым!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Баршаңыз аман болыңыздар!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын, Осымен аяқтаймыз!

ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы,
«Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Смагулов Нигмет
3 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Көңілді мәре
Көңілді мәре
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі дене шынықтыру мұғалімі Нұртазин Болат Нұрахметұлы
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×