Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек

10 сәуір 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Қуыр - қуыр, қуырмаш
Оң қолының бес саусағын бір жерге түйістіресің де, сол қолыңмен оны бүркемелеп, саусақтарыңның басын ғана көрсетіп, қапсыра ұстайсың да, досыңа:
Ортан қолымды тапшы, - дейсің. Досың бастары ғана көрініп тұрған саусақтарыңа қарап:
Мынау, деп, бір саусағыңды шымшым ұстап тұрады. Егер ол ортан қолыңды дәл тапса, сен айып тартасың. Таба алмаса, айыпты ол тартады. Бірақ, кім ұтса да ұпай алу үшін, мына ережелерді жақсы білуі керек:
1. Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін саусақтардың аттарын түгел атап шығады:
бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
2. Бұдан кейін саусақтарға: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек, - деп, түгел ат қойып шығады.
Саусақтар қайта жұмылады. Содан соң мына сөздерді айтып, саусақтарды жаза бастайды:
Сен тұр – қойыңа бар;
Сен тұр – түйеңе бар;
Сен тұр – жылқыңа бар;
Сен тұр – сиырыңа бар;
Ал, кішкентай бөбек, әлі жас екенсің, үйде қал.
Енді ұтқан бала шынашақты өз алақанының шұңқырына бүгіп, тұқырта ұстайды да:
Қуыр - қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әкең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас, -
деп, шынашақты шыр айналдырып, ұтылған баланың алақанын қытықтайды. Одан кейін:
Мына жерде қой бар, - деп, баланың білезігін түртеді.
Мына жерде түйе бар, - деп, білегін түртеді.
Мына жерде жылқы ба – деп, білектің жоғарғы жығын түртеді.
Мына жерде түлкі бар, - деп, қолтығына таман барады да, тездете түседі:
Мына жерде күлкі бар, - деп, қытықтай бастайды: Қытық - қытық, қытық!

Ұшты - ұшты!
Ойыңды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады. ойынға қатыстырушылар бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыруы шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді. Ұшпайтын зат айтылса, тырп етпейді. Қателескен бала айып тартып, тақпақ айтады не ән салады не билеп береді. Екі рет жаңылса, айып шарты арта түседі. Бастаушы ойыңды былайша жүргізеді:
Ұшты - ұшты, сұңқар ұшты! (қол көтеріледі)
Ұшты - ұшты, тұлпар ұшты! (көтерілмейді)
Ұшты - ұшты, қарға ұшты! (көтеріледі)
Ұшты - ұшты, арба ұшты (көтерілмейді)
Ұшты - ұшты, тарғақ ұшты! (көтеріледі)
Ұшты - ұшты, қармақ ұшты! (көтерілмейді)
Ұшты - ұшты, дауыл ұшты! (көтеріледі)
Ұшты - ұшты, қауын ұшты! (көтерілмейді)

Аяқ күрес
Ойын көкмайсада немесе кілем үстінде ойналады. Екі ойыншы ортаға шығады да, бір - біріне қарама - қарсы шалқаларынан жатады. Оң аяқтарын жоғары көтеріп, бірін - бірі шалып немесе іліп алады да, қарсыласын аударып түсіруге тырысады. Қайсы ойыншы қарсыласын аударып түсірсе, сол жеңіске жетеді.
Мұнда бірін - бірі қолмен ұстап немесе итеріп қарсыласуға болмайды. Тек айқасқан екі аяқтың күшімен бірін - бірі аударып тастаулары керек.
Ойын баланы батылдыққа, жылдамдыққа ептілікке баулиды.

Шекара
Ойынға қатысушы балалар екі топқа бөлінеді де орталарынан ұзын сызық сызылады. Ол шекара болып есептелінеді. Ойын бастауышы белгі бергенде, бір жақтың бір ойыншысы сызықтан аттап өтеді де,
У - у - у - у! – деп дауыстай жүгірген күйі қарсы жақтағы ойыншыларды жанай, біреуіне қолын тигізіп өтуге тырысады. Қолы тиген ойыншы тұтқын саналады.
Қарсы жақтың тобы сергек, сақ тұруға тиіс.
Олар өздеріне қол тигізбеу амалын қолдана отырып, «шекара бұзушының» өзін ұстап, тұтқындауға әрекеттенеді.
Әрбір тұтқын үшін ұпай жазылады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңеді.
Ойын баланы батылдыққа, жылдамдыққа,
Ептілікке, сақтыққа баулиды.

Ауыз
Ойынға қатысушылар дөңгелене отырады. Бастаушы ортаға жайғасады.
Бастаушы:
Мұрын, ауыз, құлақ деген сөздерді айтып, мұрынын ұстайды. Өзгелер де мұрындарын ұстайды. Келесі жолы бастаушы тек ауыз деген сөзді ғана айтып, ауызын баспай, құлағын не желкесін ұстай қояды. ойыншылар сақ отыруға тиіс. бастаушыға еріп, жаңылысып, басқа жерін ұстаған бала ойыннан шығарылады. Айтылған сөздерден жаңылмай, ойынның соңында жалғыз қалған бала өте сақ, зерек, жеңімпаз атанды.
Ойын баланы зеректікке, ептілікке, сақтыққа баулиды.

Тоты құс
Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрады да, бар бала ортаға шығады. Оның көзі таңылады. Тол тордағы тоты құс деп саналады. Басқалары қол ұстасқан қалпы құсты айнала жүріп әндетеді:
Тоты құс - ау, тоты құс –
Жақсы көрер досымыз.
Әнге құлақ тосыңыз,
Кім боламыз осы біз? –
деп, кілт тоқтай қалады. Сол кезде тоты құс ту сыртында тұрған баланың атын дәл тапса, аты аталған бала тордағы тоты құстың орнында қалады да, ойын әрмен қарай жалғасады.
Ойын баланы зерек, сергек болуға тәрбиелейді.

Доп қағу
Бес - алты ойыншы дөңгелене тұрып, допты қақпақылдап ойнайды. әуелі бір ойыншы допты баспен де, кеудемнен де, аяқпен де, иықпен де қақпақылдап тұрып, оны жерге түсірмей, келесі балаға жолдайды. Ол да допты іліп алып, алдыңғы ойыншының тәсілін жалғастырып, келесі серіктесіне жолдайды. Допты жерге түсіріп алған бала ойыннан шыға береді де, ең соңғы қалған бала жеңімпаз атанады.
Бұл ойын футбол әуесқойларының жаттығуына өте пайдалы септігін тигізеді.

Толық нұсқасын қарау
3 339
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Санамақтар жинағы
Санамақтар жинағы
Бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – әкем, Балалы үйрек – анам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Сергіту сәті жинағы
Сергіту сәті жинағы
Сергіту жаттығулары адам организміндегі физиологиялық процестердің дұрыс жұмыс істеп, бұлшық еттердің жақсы жетілуіне, көңіл-күй, есте сақтау, қабілетінің артуына септігін тигізеді.
Киімдер және аяқ киімдер
Киімдер және аяқ киімдер
Ертеңгілік жаттығу. «Қояндар» Бір - бірінің артынан жүру, содан кейін жүгіру. Шеңбер құрып жүру. Шеңберді қол ұстасып айнала, қол ұстасып жүру. 1. «Қояндар тың - тыңдап отыр» аяқтарын кішкене ашып, қолдарын бос ұстау. Қолдарын көтеріп, бастарына
Халық өлшемдері
Халық өлшемдері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ш. Бекмұханбетова атындағы мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Байдуллина Зоя Сәлімгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×