Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу

05 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Мерзімі: 45 минут
Мақсаты: 1. Оқушыларға футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету.
2. Оқушылардың жан - жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік, төзімділік сияқты қимыл - қозғалыстарын арттыру.
3. Оқушыларды дене, ақыл - ой жұмыс қабілеттілігіне баулып, футбол ойынына қажетті білімін тереңдету.
Міндеттері: 1. Оқушыларды қимыл - қозғалыс қабілеттерін және жылдамдық, ептілік, күш, төзімділік, икемділік қасиеттерін дамыту.
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қажетті құрал – жабдықтар: 1. Футбол ойнауға арналған доптар.
2. Кедергі.
3. Ысқырық
Сыныбы: 9 - сынып.
Сабақ өтетін орын: Мектептің спорт залы
1 Кіріспе - дайындық бөлімі. 10 - 15 минут. Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызу.
2 Сәлемдесу, оқушыларды тізім бойынша түгендеу.
3 Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
4 Сап жаттығулары: оңға, солға, артқа бұрылу
5 Жеңіл жүріс
6 Қозғалыс кезінде орындалатын жаттығулар: 1. оң және сол жақ жанымен жүгіру. 2. тізені көтеріп жүгіру. 3. өкшені артқа лақтырып жүгіру. 4. қарқынды жүгіріс.
7 Баяу адымдай жүру. Тыныс алуды қалпына келтіру.
8 Бір орында тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
а) екі қолды белге қойып, мойынды оңға және солға айналдыру.
ә) екі қолды иыққа қойып, қолды алға және артқа айналдыру.
б) екі қолды желкеге қойып, денені оңға және солға айналдыру.
в) оң қол жоғарыда сол қол төменде, қолды артқа кезекпен сермеу.
г) екі аяқты алшақ қойып, қолды кезекпен аяққа жеткізу.
д) екі тізені кезекпен жоғары көтеріп, оң және сол жаққа айналдыру.
е) екі қолды алға жіберіп отырып тұру.
ж) екі аяқты кезекпен алға және жоғары қарай көтеру.

Алматы облысы,
Райымбек ауданы, Қайнар ауылы.
Қайнар орта мектебінің I санаттағы
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нұрбол Кенжебеков

Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу. жүктеу
11 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Футбол добын бір - біріне беру
Футбол добын бір - біріне беру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шағын футбол ойынына үйрете отырып салауатты өмір салтына баулу. Сабақтың түрі: Жетілдіру, жарыс түрінде өткізу.
Қол добы ойын техникасы
Қол добы ойын техникасы
Оқушыларды қол добы ойынының техникасын үйрету, жетілдіру. Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, дамыту.
Футбол. Допты тоқтатқаннан кейін оны тебу
Футбол. Допты тоқтатқаннан кейін оны тебу
Футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан бағытына қарай алдына шығып баспен және кеудемен тоқтату әдістерін еске түсіру арқылы спорт ойындарына қызығушылығын
Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар
Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар
Оқушылардың қозғалмалы ойынына қызығушылығын арттыру, қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту;
Футбол ойынның ережесі
Футбол ойынның ережесі
Саптық жаттығулар орындау( Оң ж/е солға бұрлу, кері бұрлу)— 1 мин
Дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Бахтиярова Асель
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×