Білімділер поралы

Қол добы ойын техникасы

5 сынып
Тақырыбы: Қол добы ойын техникасы.
Мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларды қол добы ойынының техникасын үйрету, жетілдіру.
2. Дамытушылық - Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, дамыту.
3. Тәрбиелік - Оқушыларды патриоттық сезім мен адамгершілікке қасиеттерге баулу.
Керекті құрал - жабдықтар: Гандбол добтары, ысқырғыш

Кіріспе бөлімі:
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау.
Командалық бұрылыстары: Оңға! Солға! Артқа бұрыл!
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Дайындық бөлімі:
Жүру жаттығулары және түрлері:
- бір қалыпты жай жүру;
- қол белде, өкшемен жүру;
- қол желкеде, аяқтың ұшымен жүру;
- қол иықта, жартылай отырып жүру;
- қол тізеге, желкеге, белге қойып, жүріп өту;
- қол желкеге қойып, оңға, солға отырып секіру;
- терең тыныс алып жүру;

Жүгіру жаттығулары және түрлері:
- жеңіл жүгіріс; оңға, солға бұрылып жүгіру;
- артқа бұрылып жүгіру;
- қол алға созып алақанға тізені бүгіп тигізіп жүгіру;
- қолды алға, артқа айналдыра жүгіру;
- қол белде, аяқты алға, артқа сермей жүгіру;
- жылынша жүгіру;
- терең тыныс алып жүріп, жүгіру;
Жалпы дамыту жаттығулары:
- Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, қол белде, басты оңға, солға айналдыру;
- Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, қол иықта, 1 - 2 рет алға, 1 - 2 рет рет артқа айналдыру;
- Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, қол кеуде алдында 4 рет алға, 4 рет артқа айналдыра сермеу;
- Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, оң қол жоғары, сол қол төмен 4 - 5 артқа қол алмастыра итере сермеу;
- Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, белді оңға, солға айналдыру
- Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, қол белде 1 оңға, 2 ортаға, 3 солға, 4 бастапқы қалыпта тұру;
- Б. қ негізгі тұрыс, оң, сол, қос аяқпен секіру;
- Б. қ негізгі тұрыс, секіртпемен оң, сол, қос аяқпен алға, артқа секіру;
- Б. қ негізгі тұрыс, қолды алға созып, отырып, тұру;

Негізгі бөлім:
Қол добы ойынында ойын техникасы мақсатты бағытталған
рационалды жүйеленген қозғалыс жиынтығынан тұрады. Қозғалыс
жиынтығы ойынға қажетті жекелеген тәсілден жинақталады. Тәсіл түсінігі бұл жерде белгілі мақсатқа бағытталған қозғалыс іс - әрекеті, нақты бір ойын міндетіне бағышталады, мысалы: қақпаға доп соғу, қақпаны қарсыластан қорғау. Ойын кезінде түрлі тәсіл қолданылады. Әр тәсілдің қолдану әдісі мен өзіндік ережесі қалыптасқан. Қол добы ойыншыларының қимыл - қозғалыс
әрекетінің көп түрлілігі, сонымен қатар қозғалыс элементіндегі нақтылықты есепке ала отырып, техника сөзін екі мағынада «ойын техникасы» және «тәсілді орындау техникасы» деп түсіндіреміз.
Ойын техникасы дегеніміз барлық тәсіл жиынтығы мен оны орындау икемділігі. Тәсілді орындау техникасы дегеніміз қимыл элементі жиынтығының ең рационалды қозғалысын мүлтіксіз орындау.

Қорытынды бөлім:
Бастапқы қалыпқа келтіру жаттығулары, сапта тұру, өткен сабақты қорытындылау, белсенді оқушыларды атап өту. Үйге тапсырма беру, қоштасу
Қол добы ойын техникасы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 111
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 111
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика