Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің көңілді добым

30 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Менің көңілді добым
Мақсаты: Балаларды доппен таныстыру. Доптың сипаттамасын түсіндіру. Балалардың физикалық қасиеттерін дамыту.
Білімділік: Балалардың дене бітімін дұрыс ұстауға қалыптастыру.
Дамытушылық: Спорттық жаттығу орындау барысында зейіндерін және есте
сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын толықтыру
Тәрбиелік: Ептілік, төзімділік, шапшаңдық сияқты дене сапарын тәрбиелеу.
Өтетін орны: спорт алаңы
Қажетті құралдар: құрсау, доптар, арқан, белгілер, кубиктер
Ұйымдастыру бөлімі: Балалар маршпен саппен алаңға шығып, белгіліенген орынға
тұрады.

І ұйымдастыру
Бастаушы: Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Балалар тәрбиешілермен бірге көңілді әуенмен қимылды жаттығулар жасайды.
1. Б. қ тік тұру
2. Қол жоғарыға 4 - 6рет
3. Қолды жанға көтеру
4. Б. қ келу
Музыка ырғағымен тізені сәл бүгіп, жан - жаққа бұрылу
1. 1. Б. қ тік тұру
2. Қолды жоғары көтеріп
3. Қол соғ
4. 4. Б. қ келу

Добым менің добым
Өзің неткен көңілді едің
Зымырайсың, қутыңдайсың
Бірақ менен құтылмайсың

ІІ Негізгі бөлім
- Сәлеметсіңдер ме балалар
- Бүгін біз доп әлеміне саяхат жасаймыз
- Ал енді біз поезға отырамыз
- Ал енді кетік
- Бірінші аялдамаға келіп жеттік
- Балалар бүл аялдамада «Доптың пішіні»
Ауланы да аралап
Добым кетті домалап
Кәне, тыныш жат, добым
Секіремін үстіңнен
- Балалар доптың пішін қандай болады?
- Дұрыс, домалақ
- Доп не істей алады?
- допты жерге ұрғылағанда доп секіреді
- Ал енді біз доп сияқты секірейік
- Жарайсыңдар балалар
- Ал енді пойызға отырайық
- Келесі аялдама «Доптың түсі»
Ойнағанда добымыз
Көңілді болып кетеді
Тату болсақ өзіміз
Бәрімізге жетеді
- Балалар доптың түсі қандай болады?
- Дұрыс, сары, қызыл, жасыл, күлгін доп әр түрлі болады
- Ал енді, біз доп сияқты домалайық
- Жарасыңдар балалар
- Келесі аялдама «Допты не үшін қажет?»
Спорт - досың әрқашан
Керек балабақшадан
Доп тебеміз, күлеміз
Спортты біз сүйеміз
- Балалар доп не үшін қажет?
- Доп ойнау үшін керек
- Допты қалай ойнайды?
- Лақтырып, жерге ұрғылап, домалатып ойнайды
- Ал енді балалар поезге мінейік өз балабақшамызға қайтайық.

ІІІ Қорытынды
- Жарайсыңдар балалар
- Балалар біз қандай әлемге саяхат жасадық?
- Сендерге саяхат ұнады ма?
- Допты жақсы көресіңдер ме?
Ал енді осымен саяхатымыз аяқталды.
Қош сау болыңдар!!!
Спортшы боп сен бүгін
Таза ауада сергітіп
Денсаулығы мықтылар
Көтереді ел жүгін
Менің көңілді добым. жүктеу
9 167
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Оқушыларға футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету. Оқушылардың жан - жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік, төзімділік сияқты қимыл - қозғалыстарын арттыру.
Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар
Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар
Оқушылардың қозғалмалы ойынына қызығушылығын арттыру, қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту;
Баскетбол ойынының жалпы ережелері
Баскетбол ойынының жалпы ережелері
Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет ету әдістерін үйрену. Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын спорттық ойындар арқылы жетілдіру.
Баскетбол
Баскетбол
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 ЖОБМ Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Г.Е.Алепарова
Допты 1,5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру
Допты 1,5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы МКҚК «Жасұлан» бала бақшасы дене тәрбиесінің нұсқаушысы Қайрбаев Ержан
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, "Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абжанов Берик Ергалиевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×