Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз думан

29 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Наурыз мерекесіне қарсы ұйымдастырылған мектеп ішілік іс-шара. Ұйымдастырушы дене шынықытыру пәні мұғалімідері
Мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ойынға қатысатын командаларды сапқа тұрғызады.
Жүргізуші:
Уа, халайық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең!
Наурыз тойы тойланады біздерде,
Қош келдіңдер мерекені көруге.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін айқара ашып келіп жетті. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар
Наурыз тойы басталды
Текке қарап тұрмандар.
Әуелесін армандар
Үмітті боп жанғандар
Бақ дарып, қызыр қарасын
Мерекеден қалмаңдар.
О, жарандар, жарандар!
Тамашадан қалмаңдар
Құс қанаты көңілмен
Жер - әлемді шарлаңдар
Оятып шың мен асқарды
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы
Наурыз - көктем басталды!

Жүргізуші:
Бүгінгі өткізгелі отырған «Наурыз думан» атты іс - шарамыздың алғашқы сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Бірінші сөздің кезегін мектеп директоры - Сатаева Айгүл Уасилқызына береміз.

Ойынды бағалайтын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Имандылық шартында сәлемдесуді тілмен айту - парыз. Ендеше сөз кезегін 7ә, 7г, 6ә, 6г, 5ә. 5г командаларына береміз. (Командалар топтың атын, эмбемаларын, ұрандарын қорғайды)

Жүргізуші:

Армысың, Наурыз,
Қуаныш болып, кір төрлет.
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый - құрмет.

«Арқан тарту» ойынының шартын дш мұғалімі айтып түсіндіреді.
Д/ш мұғалімі: Оқушылар арқан тартудың ережесімен танысып болғаннан кейін жарыстың жүйесіне кірісеміз. Ең алдымен екі 5 – ші сыныптар, сосын 6 – шы, және 7 – ші сыныптар арқанды тартады. Осы үш сыныптың ұтқан командалары үздік мықтыны анықтайды.

Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып
Қыс барады қиылып, жылып тұрып
Шатырында үйлердің Наурыз жүр.
Мұз пердесін аспаннан лақтырып
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз
Сұраймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастархан, думанымыз сахнамыз
Сахнада -........................................ орындауында музыкалық сәлем!

Жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
«Теңге алу» ойынының шартын дш мұғалімі айтып түсіндіреді.
«Теңге алу» ережесі: Әр команданың қыздары ұлдардың арқасына шығады. Сосын белгі бойынша ұлдар қыздарды көтеріп 10 – 15 м теңге орналасқан жерге уақытқа жүгіріп барады. Сосын ұлдар еңкейген кезде қыздар теңгені алу керек. Теңгені алғаннан кейін өз орнына қайтып, эстафетаны келесі ойыншыға беру керек. Жарыс осылай өз жалғасын табады. Уақыты және теңгенің санына жалпы ұпай саны беріледі.

......................................... орындауында музыкалық сәлем - Ән: « Наурыз»

Жүргізуші:
«Қол күрес». ойынының шартын дш мұғалімі айтып түсіндіреді.
«Қол күрес»: Оқушылар қол күрестің ережесімен танысып болғаннан кейін жарыстың жүйсіне кірісеміз. Ең алдымен екі 5 – ші сыныптар, сосын 6 – шы, және 7 – ші сыныптардың оқушыларының арасында қол күрес өтеді. Осы үш сыныптың ұтқан оқушылары үздік мықтыны анықтайды.

.......................................... орындауында музыкалық сәлем!

Жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен
Мейірім тынысын деп тасып өткен
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух
Бақытты наурызы бар халқым неткен
Халықтың пейілінен жаралғандай

Жүргізуші:

Келесі сайыстың түрі «Эстафеталық ойындар» - дш мұғалімі айтып түсіндіреді.
«Эстафеталық ойындар» - Ең алдымен екі 5 – ші сыныптар, сосын 6 – шы, және 7 – ші сыныптардың оқушыларының арасында эстафетаны өткіземіз. Олардың уақыт нәтижесіне байланысты үздік команданы анықтаймыз.
Жүргізуші:

Жүріңіздер наурызда басып аяқ
Қалыс адам болмасын некен – саяқ
Ән айтылсын, би биленсін, қауым болып
Уақыт болшы тұрмайтын өнерді аяп.

Келесі шешуші сайысымыз «Викториналық сұрақтар». Ойынының шартын дш мұғалімі айтады.
Әр команданың капитандарын шақырамыз. Оларға викториналық сұрақтарды береміз. 30 секундтың ішінде сұрақтарға жауаптарды жазу керек. Жауаптардың нәтижесіне байланысты ұпай саны беріледі.

Жүргізуші:

Әділ қазылар алқасы жарыстың қорытындысын шығарға дейін,.............................. орындауында музыкалық сәлемді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Мерекелік іс - шарамызды аяқтадық!
Хош келдің Наурыз, ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты,
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты!
3 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Наурыз келсе құт келгені халайық!
Наурыз келсе құт келгені халайық!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектеп биология пән мұғалімі Тілеген Қаракөз Ертасқызы
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
О, жараңдар, жараңдар Бәрін мұнда қараңдар Наурыз тойы басталды Текке қарап тұрмаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×