Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы (спорттық интеллектуалды сайыс)

27 тамыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы» атты спорттық интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты: 1. Дене тәрбиесі және спорт туралы қағидаларды үйрету, білімдерін
кеңейту.
2. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру. Өздерінің денсаулығына, біліміне көп көңіл бөлуге, өз елінің әлемге танымал спортшыларын үлгі тұтуға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың жылдам қозғалу, жылдам ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту.
Қолданылған құрал жабдықтар: Слайд, ысқырық, баскетбол, волейбол, футбол доптары.

Сабақтың өту барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, әділ - қазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «XXI ғасыр көшбасшысы»атты спорттық интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»деп атам қазақ айтқан еді, бірақ казіргі XXI ғасыр заман талабына сай білекті де білімді де болу артық болмас дегім келеді. Дене тәрбиесі, спорт дегенде көбінің елестететіні доп және ойын, бірақ сол спорттық ойындардың өз шығу тарихы, даму тарихы, ережелері бар емес пе? Осы допты ойнап есімдері әлемге әйгілі болған спортшылар жетерлік. Талай спорттық додаларға түсіп, ел намысын қолдан бермей жеңіп шыққан толағайларымызды ұмытпай үлгі тұтып жүрген, өздері де білекті де білімді сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз
1 - топ ___9 «А»_________________ топ каптианы _____________
2 - топ ___9 «В»_________________ топ капитаны _____________
3 - топ ___9 «Г»_________________ топ капитаны______________
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.:

1_Білім бөлімінің әдіскері
2 Тәрбие ісінің меңгерушісі
3 №1 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі
Жылдамдатып жүгіртетін аяқ қой!
Қаламды алып, тездетіп жаздыратын қолымыз ғой!
Ойымыз бен санамыз жылдамдатып жауап бере ғой дей келе 1сайысымыз «Бәйге» сайысын бастаймыз
Сайыс ережелерімен таныс болайық. Әр топтың алдында парақ пен қалам бар, сол параққа жауап жазылады. Сұрақтар тест ретінде интерактивті тақтадан слайд арқылы шығып отырады. Барлығы 15 сұрақ. Болған соң әділ - қазылар алқасына апарамыз. 1 дұрыс жауап 1 ұпай болып саналады.
1 «Бәйге» сайысы

1 - сұрақ
Баскетбол ойнында алаңда қанша адам ойнайды?
А – 5. Б – 10. Ә – 6. В – 7.
2 - сұрақ
“Пенальти” қандай спорт түрінің айып добы?
А – Баскетбол. Ә – Футбол. Б – Волейбол. В – Хоккей.
3 - сұрақ
2014 жылғы қыстық олимпиада Ресейдің қай қаласында өтеді?
А – Саратов. Ә – Саранск. Б – Сочи. В – Самара.
4 - сұрақ
Бокстың бір раунды қанша минуттан тұрады?
А – 2. Ә – 4. Б – 3. В – 5.
5 - сұрақ
Баскетбол ойнының себеті жерден қанша метр биіктікте орналасқан?
А – 3 м. Ә – 3. 5. Б – 3. 2. В – 3. 10.
6 - сұрақ
Олимпиадада Ольга Рыпакова жеңіл атлетиканың қандай түрінен алтын медаль ұтып алды?
А – биіктікке секіру
Ә – биіктікке таяқпен секіру
Б – ұзындыққа секіру
В – 3 адымнан ұзындыққа секіру
7 - сұрақ
Қандай спорт түрінде алаңда 22 адам ойнайды?
А – Рэгби Б – Хоккей
Ә – Футбол В – Баскетбол
8 - сұрақ
Лондон олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров қандай күрес түрінен қола медалін ұтып алды
А – Грек-рим
Ә – Еркін күрес
Б – Қазақша күрес
В – Дзюдо
9 - сұрақ
Қыстық олимпиада ойындары қанша жылда бір рет өтеді?
А – 2 Ә – 5 Б – 4 В – 3
10 - сұрақ
Бенди ойнын қандай спорттық аяқ киіммен ойнайды?
А – коньки Ә – ролик Б – шаңғы В – бутсы
11 - сұрақ
Олимпиада ойындарының логотипі?
А – 5 шеңбер Ә – 5 ромб Б – 5 үш бұрыш В – 5 төртбұрыш
12 - сұрақ
2011 жылы Астана, Алматы қалаларында нешінші Азиада ойындары өтті?
А – 5 Ә – 7 Б – 6 В - 11
13 - сұрақ
Футболдан 2010 жылы әлем чемпионы атанған мемлекет?
А – Германия Б – Испания
Ә – Бразилия В – Италия
14 - сұрақ
2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты қай мемлекетте өтеді?
А – Германия Б – Испания
Ә – Бразилия В – Италия
15 - сұрақ
2016 жылғы олимпиада қай қалада өтеді?
А – Мәскеу Б – Мадрид
Ә – Рио - де - Жанейро В – Вена

Әділқазылар алқасы ұпай санын санағанша «Білімсіздің күні қараң» дей келе 2 сайысымыз «Білімділер» сайысының ережесімен таныс болайық.
Бұл сайыста берілген төрт тақырып бар. Әр тақырыпта үш ұяшық. Ұяшықта ұпай сандары. Сіздердің мақсаттарыңыз сұраққа жауап беріп, ұяшықтағы ұпайды алу, егер ұяшық таңдаған топ жауап бере алмаса, бірінші болып жалау көтерген қарсылас топ жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай сол топқа беріледі.
1 Спорттық ойындар 10 15 20

2 Толағайлар 10 15 20

3 Спорттық ойындар 10 15 20
тарихы
4 Қыстық спорт түрлері 10 15 20
2 «Білімділер» сайысы
Тарих - 10
Баскетбол ойынын кім және қай жылы ойлап тапты? (Джеймс Нейсмит) 1891ж 1893 - 1894
Тарих - 15
Футбол ойынының отаны? (Англия)
Тарих - 20
Волейбол ойыны қай жылдан бастап олимпиаданың бағдарламасына кірді? (1964)
Толағайлар - 10
Лондон олимпиадасында алтыннан алқа таққан спортшыларды және спорт түрін атаңыз.
Толағайлар - 15
Бейне - сұрақ. ( Жақсылық Үшкемпіров)
Толағайлар - 20
Астана - Алматы қалаларында өткен Азиада ойындарында Қазақстан спортшылары қанша алтын алқа ұтты? (32)
Спорттық ойындар - 10
Футбол ойнында екі сары қағаздан кейін қандай шара қолданылады? (қызыл қағаз)
Спорттық ойындар - 15
Хоккей ойнында айып добы қалай аталады? (Булит)
Спорттық ойындар - 20
Баскетбол ойнында төрешінің мына қимылы қандай ережені бұзғанды білдіреді?
двойной
Қыстық спорт түрлері - 10
Хоккей ойынының отаны? (Канада)
Қыстық спорт түрлері - 15
Бенди ойыны қанша кезеңнен тұрады?( 2 )
Қыстық спорт түрлері - 20
Ванкувер қыстық олимпиадасында жүлдегер атанған Қазақстандық спортшы? (Елена Хрусталева)
Қазылар алқасы ұпай санын шығарғанша топтарды ортаға
Флеш - моб - қа шақырамын. Барлық топ ортаға шығады, жүргізушінің соңынан шығып музыка ырғағына қарай жаттығулар жасайды.
Қазылар алқасы ұпай санын айтады, ұпайы аз топ келесі сайыста бірінші болып тақырып таңдайды.
Енді жүзден жүйрік мыңнан тұлпар жүйріктерімізді анықтайық
3сайысымыз «Дода» сайысының ережесімен таныс болайық. Үш тақырып бар. Әр тақырыпта үш ұяшық. Таңдаған ұяшықтан шыққан тапсырманы бірінші және дұрыс орындаған топ ұпай саның алады.

1. Баскетбол Допты алып жүру 10 Допты жүгіріп торға салу 15 Айып добын орындау 20
2. Футбол Аяқпен допты алып 10 Допты ауада аяқпен соғу 15 Нысана көздеу 20
жүру
3 Әр - түрлі В/л добын жоғарыда 10 эқ таяқша беру 15 Акробатикалык 20 алып жүру фигура

3 «Дода» сайысы
Футбол - 10
Допты аяқпен алып жүру
Футбол - 15
Нысана көздеу
Футбол - 20
Допты ауада аяқпен соғу
Баскетбол - 10
Допты алып жүру
Баскетбол - 15
Допты себетке салу
Баскетбол - 20
Айып добын орындау
Әр - түрлі - 10
Эстафеталық таяқша беру
Әр - түрлі - 15
Волейбол добын ауада екі қолмен сермеп алып жүру
Әр - түрлі - 20
Акробатикалық фигура көрсету
Бүгінгі ен бірінші «Бәйге»сайысында топтардың жылдам ойлау қабілетін көрдік.
Екінші «Білімділер» сайысында топтардың білімін байқадық.
Үшінші «Дода» сайысында топтардың күш жігерін көрдік.
Ендігі «Шешендер» сайысында топтардың тіл байлығын сарапқа салайық.
4 сайысымыз «Шешендер» Әр топтан бір ойыншы қатысады. 1 минут уақыт ішінде таңдаған ұяшықтан шыққан тақырыпқа байланысты өз ойын жеткізеді, ал басқа топ мүшелері толығымен сол 1мин ішінде бір өнерін көрсетеді
Қанша ұпай беретінін қазылар алқасы өздері шешеді.

Тақырыптар;
1 « Спорт - денсаулық кепілі»
2 «Бақытты отбасы»
3 «Болашақ бүгіннен басталады»
4 «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен»

Топтарды марапаттауға әділ - қазылар алқасын шақырамыз
Құрметті ұстаздар, қатысушы топтар міне біздің бүгінгі «XXI ғасыр көш басшысы» атты спорттық интеллектуалды сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Жеңімпаз анықталды., марапатталды
Бүгінгі сайысымызды мына өлең шумақтары мен аяқтағым келеді
Спорт - көркі өмірдің
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың
17 487
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×