Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Толағай" спорттық - отбасылық сайыс

25 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс
Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: доптар, шығыршық, түрлі - түсті шарлар, төсеніш, қап, арқан, қасық, теннис добы, кеглилер.

Сайыс шарттары:
1. Тіке жүгіріс
2. Шығыршықпен допты алып жүру
3. Қаппен секіру
4. Шар ату
5. Кедергілерден өту
6. Ептілікті байқау
7. Тіркесіп жүгіру
8. Үзілісті жүгіріс
9. Арқан тартыс
10. Кім жылдам? (логикалық есеп шығару)
11. Капитандар сайысы

Сайысқа 3 отбасы қатысады. (құрамында 3адам)
Сайыс шарты бойынша әр топтың аты, төсбелгісі, ұраны болады.
Сайысты бағалайтын төрешілер құрамы сайланады.

Сайысқа түсетін отбасыларының тобының аты:
«Арлан» тобы
«Бірлік» тобы
«Смайлик» тобы
1.«Тіке жүгіріс» ысқырып белгі бергеннен бастап тіке жүгіріп, белгіленген жерден кеглиді айналып өтеді.
2. «Шығыршықпен допты алып жүру» допты кедергілердің арасымен алып жүру.
3. «Қаппен секіру» бел тұсына дейін қапты киіп, қос аяқпен секіру.
4. «Шар ату» отырып, қаз жүрісімен жүріп барып, белгіленген жерден шарды атып жару.
5. «Кедергілерден өту» жүгіріп келіп төсеніштің алға домалап түсіп, шығып шықтың арасынан өтіп, жүгіріп қайту.
6. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып, ауызға тістелеп жүріп қайту.
7. «Тіркесіп жүгіру» алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып, үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.
8. «Үзілісті жүгіріс» алаң ішіндегі (едендегі) сызық бойынша үзілісті жүгіріспен жүріп қайту.
9. «Арқан тартыс»
10. «Кім жылдам?» логикалық есеп шығару (уақыт есебімен)
4 4 4 4 = 20
11. «Капитандар сайысы» гір тасын көтеру

Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленеді.
Жүлделі 1 орын 48 ұпаймен «Бірлік» тобы
2 орын 46 ұпаймен «Смайлик» тобы
3 орын 44 ұпаймен «Арлан» тобы
марапатталады.
9 810
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай
Толағай
• екі командаға бөліну • командаларға ат қою
Толағай (топтық сайыс)
Толағай (топтық сайыс)
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Спорттық сайыс-дода.
Спорттық сайыс-дода.
ШҚО, Аягөз қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбекова Гулжамал Букеевна
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×