Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы

Сыныбы:11- сынып
Сабақтың тақырыбы: Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы.
Халқы.Табиғат жағдайы мен ресурстары
Сабақтың мақсаты: Канада мемлекеті туралы білімдерін ғылыми тұрғыда
меңгеруге қолайлы орта жасау.

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік:Канаданың қалыптасуы мен мемлекеттік
құрылымы,халқы, табиғаты, ресурстары туралы мағлұматтар беру, түсіндіру;
2. Дамытушылық:картамен жұмыс барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту,дамыту, қалыптастыру:
3. Тәрбиелік:географиялық білімдерін тереңдете отырып, ел жандылыққа, имандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеп,табиғатты түсінуге, аялауға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың ұйымдастыру формасы: Б.Блум жүйесі.
Оқытудың формасы: Ұжымдық, жеке даралап.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет, тарих, информатика.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, проектор,интернет материалдары, карта түрлері
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, интерактивті кабинетке орналастыру, сәлемдесу. Оқу құралдарын әзірлетіп, зейіндерін сабаққа шоғырландыру.Қатысуын түгелдеп, оқушыларға сабақ барысында білімдерін бағалау мақсатында «Бағалау парағы» жүргізілетіндігін, бағалауда оқушылардың өздері атқаратындығын ескерту.

Б.Блум жүйесі
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
Тапсырмалар
Білу «Канада.Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы.Халқы.Табиғат жағдайы мен ресурстары» тақырыбына жоспар жасау.Интерактивті тақтамен жұмыс жасауды түсіндіру. Негізгі жоспар мен түсінікті білу.Интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу. Интерактивті тақтаны жоспар бойынша пайдалана білу. «Интернет және біз»
«Сөздік жұмысы»
«Географиялық шағын әңгіме»
Түсіну
1.Канада туралы жалпы түсінік
2..Мемлекеттің қалыптасу тарихы
3.Табиғат жағдайлары мен ресурстары

4.Халқы
Интерактивті тақтамен жұмыс жасай отырып, нақты түсінік қалыптастыру
«Есте сақтау үшін» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді жазып алу»
Қолдану Жеке оқушымен жұмыс, нақты жауабын жазуға, ойлауға жетелейді Ойларын қорытындылап, дәптермен жұмыс жасап, тапсырманы орындайды 1.«Сәйкестендір»
Жеке оқушыға озық тапсырма беру
2.«Т» кестесі
3.«Сен білесің бе?»

Талдау Сыныпқа бақылау жасау «Кім жылдам?» тест тапсырмаларын орындайды, талдайды «Кім жылдам?»
Топтау Жаңа сабақты бекіту, негізгі түсінік қалыптастыру Сұрақтарға жауап беру «Ең...Ең...Ең...» Канаданың өзіне тән ерекшеліктерін «Ең» сөзімен бастап, айтып шығу, қорытып, бекіту.
Бағалау «Бағалау кестесі»арқылы оқушыларды бағалау.Оқушылардың білімін сараптау,қорыту. Өз біліміне сараптама жасау Әр оқушының қатысуын, білімін анықтау, бағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Туристік объектілері.Сыртқы экономикалық байланыстары» тақырыбындағы үй тапсырмасын сұрау үшін «Интернет және біз» айдарымен:
1. Колорадо каньоны туралы 2.Ниагара сарқырамасы
3. Диснейленд- ертегі патшалығы. 4.Майами қаласы дүние жүзіне әйгілі курорт
Тақырыптар бойынша АҚШ- тың туристік объектілері туралы оқушылардан сұралады.Сабақ барысында кездесетін кейбір географиялық терминдермен жұмыс жасау үшін «Сөздік жұмысы» интерактивті тақта арқылы жүргізіледі:
1. Йеллоустон-
2. Гейзер-
3. Каньон-
4. Архипелаг-
5. Прерий-
6. Эскимостар-

Оқушы тапсырманы орындау барысында қалған оқушылармен «Географиялық шағын әңгіме» құрау арқылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы сыртқы экономикалық
және мәдени байланыстар туралы әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. Үй тапсырмасын және меңгеріп, сабаққа белсенді араласқан оқушыларды «Бағалау парағына» түсіріп отыру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Білу. Жаңа тақырып жоспары:
1. Канада туралы жалпы түсінік
2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
З. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

4.Халқы.
Түсіну. Тақырып бойынша алған білімдерін жоспар бойынша пайдаланып,нақты түсінік қалыптастыру.
«Есте сақтау үшін» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге түсіріп алу.
1.- Канада жерінің ауданы - 9млн. 970мың км.кв.
- Халқы - 32,2 млн адам (2004ж.)
- Астанасы - Оттава
- Мемлекеттік кұрылымы - Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация
- Мемлекеттік басшысы - Британия королевасы
- Үкімет басшысы - премьер- министр
- Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент
- Мемлекеттік тілі - ағылшын және француз тілдері
- Ұлттық валютасы – канада доллары
- Әкімшілік – аумақтық бірлігі - провинциялар мен аумақтар

Канада - дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада Арктикалық топ аралындағы (архипелаг) аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік – батысында Америка Құрама Штаттарымен шектеседі.
2. Х ғ. Қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар - исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеурініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы ХҮ – ХҮІ ғасырларда басталды. Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысындағы жерлерге алғаш ағылшындар мен шотландықтар қоныстанған болатын ХҮІІІғ. едәуір күшті Англия Канаданың басым бөлігін басып алды. 1763 ж. Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті. Француз жері Квебек провинциясы деп атала бастады.
Канаданың қазіргі шекарасы XIX ғ. 70- ші жылдары қалыптасты, ал Ньюфауленд аралы ел құрамына 1949 ж. енгізілді. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада – 10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация.

З. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Климаты аса қатал болатын елдің солтүстік бөлігінде Канада Арктикалық топ аралы мен жағалық жазықтар орналасқан. Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде тұрғын халық мүлде жоқ. Соңғы жылдар мұнда алтын, темір, уран және мұнай кен орындары табылған. Табиғат жағдайларының қаталдығына және тұрғын халықтың сирек орналасуына байланысты бұл кен орындары жаңадан игеріле бастады.

Елдің Ұлы көлдерден Сеңгір тауларға дейін созылған солтүстік – батыс бөлігін – прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
ХХг. 20 ж- ры Альберта провинциясында мұнайдың мол қоры табылды. Қазіргі і кезде бұл ауданнан никель, мыс, калий тұздары да өндіріледі.
4. Канада халқының саны 32,2 млн. адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр – шаршы км- ге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша біркелкі орналаспаған. Табиғат жағдайлары өте қолайлы оңтүстік - шығыста 1 кв. км- ге 100 адамнан асады. Жалпы, Канада халқының 2/3 бөлігі елдің АҚШ - пен шекаралас оңтүстігіндегі ені 150 км – лік алапта тұрады. Елдің солтүстігінде 20 - 25 км.кв. аумаққа 1 тұрғыннан ғана келеді, ал Канада Арктикалық топ аралына енетін аралдардың көпшілігінде адам қоныстанбаған.

Елдің байырғы халықтары - эскимостар мен үндістер. Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады. Азиялықтардан кытайлар, жапондар, үнділер мен арабтар тұрады.
Қолдану. «Сәйкестендір» жедел тапсырма орындау. Мына берілген сөздерден Канадаға тән соз тіркестерін табу:
Монтана, Квебек, Иеллоустон, Құндыздар корольдігі, Үйеңкі, Тас джунглилер, Прерий, Голливуд, Кока- кола, Қауымдастық, Ниагара

1.Канада: 2.АҚШ:
Квебек Монтана
Қүндыздар корольдігі Иеллоустон
Үйеңкі Тас джунглилер
Прерий Голливуд
Қауымдастық Кока- кола
Ниагара

Жеке оқушыға озық тапсырма беру. 1. «Т» кестесін толтыру. АҚШ пен Канаданың басты ерекшеліктері мен ұқсастықтарын жазу.

Канада Ортақ белгілері АҚШ
Топ аралдары бар Мемлекеттік құрылымында өзгешелік бар Көлдерге бай Дамыған елдер Көлемі үлкен Халқының әлеуметтік жағдайлары жоғары Табиғи ресурстарға бай. т.б. Алғашқы ұлттық саябақ ашылған
Ниагара сарқырамасы Туризм күшті дамыған т.б

2. «Сен білесің бе?» айдарымен Канаданың байырға халқы – эскимостар туралы білетін мағлұматтарын айту.
Талдау. «Кім жылдам?» тест тапсырмаларын интерактивті тақтадан барлық оқушылар бірге орындау:

1.Канаданың астанасы:
А)Дели В)Анкара С)Вашингтон Д)Оттава Е)Сеул
2.Ұлттық валютасы:
А)Юань В)Үнді рупиясы С)Түрік лирасы Д) Вона Е)Канада доллары
З.Жер көлемі жөнінен нешінші орында:
А)Бірінші В)Жетінші С)Екінші Д)Бесінші Е)Үшінші
4.Канаданың ұлттық символдарының бірі:
А)Қоян В)Құндыз С)Көлдер Д)Бидай Е)Кеме
5.Канада халқының ең тығыз орналасқан бөлігі:
А)Солтүстігі В)Оңтүстігі С)Батысы Д)Шығысы Е) Орталығы
6.Ұлттық байрағында не бейнеленген:
А)Құндыз В)Шырша С)Үйеңкі Д)Жұлдыз Е)Кеме

7.Мемлекеттік тілі:
А) Неміс және орыс В) Қытай және монғол С) Ағылшын және неміс
Д) Француз және орыс Е)Ағылшын және француз
ІҮ. Қорытынды. Бекіту.

Топтау. Жаңа сабақты бекіту үшін «Ең,Ең,Ең...» деп басталатын сөздер мен Канаданың өзіне тән ерекшеліктерін атап өту. Негізгі түсініктерді қалыптастыру.
Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысуы мен белсенділігі, үлгірімі, тапсырмаларды орындауына орай толтырылған «Бағалау кестесі» бойынша оқушылардың білімін сараптау,бағалау.
Ү.Үйге тапсырма. Тақырыпты талапқа сай оқып, кескін картамен жұмыс жасау және интернеттен, электронды оқулықтардан мәліметтер іздеу тапсырылады.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • 1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдерін пысықтау

    Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Убайтжанова Айсұлу
  • Алтын балта ертегісі

    Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Убайтжанова Айсұлу
  • Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АҚТӨБЕ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ Оқытушы: Сиалиева У.Ш.
  • HTML негіздері

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға HTML – дің мүмкіндіктерін және оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету Дамытушылық: Блокнот қосымшасы арқылы веб бетін өз бетінше ...
  • Қақпаға доп домалату

    Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиешісі Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
  • Пішіндер бізде қонақта

    Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы
  • Жабайы аңдар

    Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы
  • Толағай отбасылық сайысы

    Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, «№11 Қоскөл орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісінің орынбасары Тортаева Айгуль Серікқызы
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Жазғы демалысыңызды қайда өткізесіз?
Шетелде
Қазақстанда
Үйде
Құрылыс жасаймын
Демалмаймын
Сайтта кім бар
Барлығы: 31
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 31
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • gulgul75
    Жазған: gulgul75
  • gulgul75
    Жазған: gulgul75
  • Айгуль Бахрамова Ташмаханқызы
  • Айтпанова Зина
  • Калдыбекова Алия
  • ttk
    Жазған: ttk
  • ttk
    Жазған: ttk
    Мына жаңалықта: Болашақта кім боламын?
  • Saltosh
    Жазған: Saltosh
    Мына жаңалықта: Colours
  • sandu
    Жазған: sandu
  • Таттигуль
    Жазған: Таттигуль
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика