Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік сайысы

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: География
«Жүзден жүйрік» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білімін жан - жақты кеңейтуге, отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға баулу, өзінің халқына, туған жеріне құрметпен қарауға үйрету;
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін дамыту.
Түрі: сайыс
Жоспары:
1) «Тайғақтас»
2) «Зырылдақ»
3) «Мерген»
4) «Қиын қия»
5) «Аспалы жол»
Барысы:
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Өз топтарын таныстырып өтеді. Әр бөлімге өту үшін қойылған сұраққа топ басшысы жауап беруі керек. Дұрыс жауап берілсе 5 ұпай беріледі, бере алмаса ұпай берілмейді. Содан соң барып бөлімнің тапсырмасын орындау үшін төрт ұяшықтың бірін таңдайды. Жауапты топ мүшелері ақылдасып, ішінен біреуі жауап береді. Жауап дұрыс болса 10 ұпай беріледі, дұрыс болмаса ұпай берілмейді. Әр бөлімді 3 топ кезекпен орындайды.

І. «Тайғақтас»
1) Тапсырма: Жер шарында қандай судың мөлшері көп? (Тұзды су – 96, 5%)
2) Тапсырма: Барлық тіршілік қандай суды пайдаланады? (Тұщы су – 2, 5%)
3) Тапсырма: Гидросфера дегеніміз не? (Жердің су қабығы)
Ұяшық тапсырмалары:
1) «География» ұғымын енгізген кім? (Эратосфен)
2) Жердің радиусы қанша км? (6371 км)
3) Экватордың ұзындығы қанша? (40000 км)
4) Жер өз осін қанша сағатта толық айналып өтеді?

ІІ. «Зырылдақ»
1) Кішірейтілген шартты белгілер көмегімен жер бетін кең көлемде бейнелеу қалай аталады? (Географиялық карта)
2) Территорияны планға немесе картаға бейнелеуде неше есе кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан. (Масштаб)
3) Кез - келген карта жасау үшін қандай тор құру қажет? (Градус торын)
Ұяшық тапсырмалары:
1) Ауыспалы жел қалай аталады? (Муссон)
2) Ең күшті жел қалай аталады? (Дауыл)
3) Тәулігіне бағытын екі мәрте ауыстыратын жел қалай аталады? (Бриз)
4) Тымық кез 0 балл қалай аталады? (Штиль)

ІІІ. «Мерген» (Жанкүйерлермен ойын. Нысананы көздеп атады. Сұраққа жауап беріп, жинаған ұпайын тобына береді. Үш мүмкіндік беріледі.)
1) Масштаб қандай түрлерге бөлінеді? (3 - ке, сандық масштаб, атаулық масштаб, сызықтық масштаб)
2) Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді? (3 - ке, ірі, орта, ұсақ)
3) Атмосфера неше қабатқа бөлінеді? (3 - ке, тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты)

ІҮ. «Қиын қия»
1) Барлық қабаттарды қосатын жер қабығы қалай аталады? (Биосфера)
2) Құнарлы топырағымен ерекшеленетін табиғат зонасын қалай атайды? (Тропиктік орман)
3) Қалпына келмейтін табиғат ресурсына не жатады? (Минералдар)
Ұяшық тапсырмалары:
1) Жеңіл, үйіліп жатқан жүнге, мақтаға ұқсайтын бұлттар қалай аталады? (Будақ бұлттар)
2) Өте биікте, малдың ішкі шарбы майына ұқсаған бұлттар қалай аталады? (Шарбы бұлттар)
3) Қара түсті жазда болатын, көбіне жаңбырлы бұлттар қалай аталады? (Будақ бұлттар)
4) Аласа, сұрғылт, көбінесе күзде болатын бұлттар қалай аталады? (Қабат бұлттар)

Ү. «Аспалы жол»
1) Жер шарының сыртқы қатты тас қабатын қалай атаймыз? (Литосфера)
2) Жер қыртысының ежелгі тұрақты бөлігін қалай атайды? (Платформа)
3) Литосфералық тақталар жылына неше см - ге қозғалады? (2 - 5 см)

Ұяшық тапсырмалары:
1) Ауа қысымын өлшеу құралы. (Барометр)
2) Жел бағытын, жылдамдығын өлшейтін құрал. (Флюгер)
3) Ауаның температурасын өлшейтін құрал. (Термометр)
4) Жауын - шашын мөлшерін есептейтін құрал. (Жауын - шашын өлшеуіш)
4 808
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
«Алтын тәж» Білімділер сайысы (3 сынып)
«Алтын тәж» Білімділер сайысы (3 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы. Жаңғызтөбе кенті, «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ-сі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектенова Кенжегүл Шашымқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×