Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еуразияның ішкі сулары

29 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің ішкі сулары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Материк ішкі суларының жер бедері мен климатқа байланыстылығын көрсете отырып,
Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін,сондай – ақ Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының су алаптарының ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа
қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға өзара сыйластыққа, үнемі сабаққа дайын келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ: түсіндірмелі сұрақ жауап, тест жұмысы, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, Еуразияның физикалық картасы, карточкалар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, түсіндіру
5. Өткен тақырып бойынша, білім-білік дағдыларын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
1 - 5 топқа Берген, Лиссабон, Абасири, Калькутта, Ұланбатыр қалаларының диаграммалары беріледі. Оқушылар диаграммаларға қарап, сол қаланың ең ыстық және суық айларын, жылдық жауын-шашынның мөлшерін, түсетін мерзімдерін анықтау.

Тест жұмысы
1. Еуразия материгін неше климаттық белдеу кесіп өтеді?
а) 6 ә) 7 б) 8 в) 9
2. Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтитын белдеуді ата?
а) Экваторлық
ә) Тропиктік
б) Қоңыржай
в) Арктикалық
3. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен қыста - 40 С, - 50 С болатын белдеу.
а) Субарктикалық б) Субтропиктік
ә) Субэкваторлық в) Арктикалық
4. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді?
а) Арктикалық
ә) Қоңыржай
б) Экваторлық
в) Субарктикалық
5. Биіктік климаттық белдеулер қай тауларда айқын байқалады?
а) Аппалач, Орал
ә) Гиндукуч, Карпат
б) Альпі, Кавказ, Тянь - Шань, Гималай
в) Тибет, Памир
6. Дүние жүзіндегі ауданы жөнінен ірі материк?
а) Солтүстік Америка
ә) Еуразия
б) Аустралия
в) Африка
7. Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу?
а) Қоңыржай
ә) Арктикалық
б) Тропиктік
в) Экваторлық
8. Тропиктік климаттық белдеу материктің қай бөлігін
қамтиды?
а) Оңтүстік батыс
ә) Оңтүстік шығыс
б) Шығыс
в) Батыс
9. Жауын - шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артуын не деп атайды?
а) Континенттік
ә) Муссондық
б) Шұғыл континенттік
в) Қоңыржай континеттік
10. Субтропиктік климаттық белдеуге жазда және қыста
қандай ауа массалары әсер етеді.
а) Тропиктік, қоңыржай
ә) Арктикалық
б) Арктикалық, қоңыржай
в) Қоңыржай теңіздік, қоңыржай конт.
Жауаптары: 1 - Ә, 2 - А, 3 - В, 4 - В, 5 - Б, 6 - Ә, 7 - А, 8 - В, 9 - Б, 10 - А

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің ⅓ бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 641
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Павлодар облысы, Ақсу қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі География пәнінің мұғалімі Алиева Бакыт Абилкайыровна
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгінің ішкі сулары
География пәні мұғалімі Акжигитов Ерхан Камбарович
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәні мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгінің ішкі сулары
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×