Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ
Сабақтың мақсат - міндеттері:
А) білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың елдерімен халқын және Америка Құрама Штатының тарихы, құрылуы жайлы ұғымды қалыптастыру;
Ә) дамытушылық: Карта, атластар бойынша оқушылардың отын өнеркәсібінің дамуын, халықтың даму маңызын талдау, анықтау, Америка Құрама Штатының қалыптасу тарихын, картамен жұмыс істей білу қабілетін дамыту;
Б) тәрбиелік: Солтүстік Америка материгіндегі ел экономикасын дамытудағы рөлін, маңызын түсіндіру арқылы оқушының патриоттық сезімін ояту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу;
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: Оқулық, Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, интерактивті тақта мүмкіндіктері
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих

Сабақ барысы: Мұғалімнің қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі - амандасу;
- түгелдеу;
- оқушының назарын сабаққа аудару;
- оқу
құралдарының дайындығын тексеру
- амандасу;
- кезекшілік міндеттерін атқару;
- сабаққа дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Электронды оқулықпен жұмыс
Сұрақ – жауап
1.“Су атасы” – деп қай өзенді атаған?
2. Маккензи қай алқапқа жатады?
3. Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтетін өзендерді ата?
4. Солтүстік Америкада орналасқан жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі?
5. Ұлы көлдерді құрайтын көлдерді ата?
6. “Гүрілдеуік су” деген қандай сарқыраманың мағынасы?
7. Солтүстік Америка материгі су қоры жөнінен материктер арасында нешінші орынды алады?
8. Тынық мұхит алабына жататын басты өзендер?
9. Ұзындығы 3700 км болатын өзен?
10. Солтүстік Америка материгінде орналасқан суы өте лай өзенді ата?

Сәйкесін тап:
Өзеннің атауы ----------- Ұзындығы
Миссисипи --------------- 6420
Маккензи ----------------- 4250
Юкон ---------------------- 3700
Колорадо ------------------ 2740
Колумбия ----------------- 2250

ІІІ. Жаңа сабақ Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ
ІV. Жаңа материалды түсіндіру Жаңа ұғымға байланысты жұмыс Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 — 1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60 - жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4 - шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ - тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1 - Америка - буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ - тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1 - жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір - бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ - та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн - ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 663
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндер (ормандық тайпалар) аңшылықпен және балық аулаумен, қолөнермен шұғылданған. «Вигвам» деп аталатын лашықтары мен жеңіл қайықтары
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен Америка деген дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп атайды. Ең енді жері 50о. с. бойына сәйкес келеді. Жағалаулары көпшілік
Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары
Бейнеу гимназиясының география пәнінің мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Солтүстік Америка
Солтүстік Америка
Қызылорда қаласы, №136 Т. Жүргенов атындағы география пәні мұғалімі Мөлдір Нысанбай Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×