Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи қорлар және өндіріс

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Табиғи қорлар және өндіріс
Сабақтың мақсаты: а) Табиғи орта, Табиғи қорлардың топтары, оларды ұтымды пайдалану мен түлетуді ұйымдастырудағы географияның рөлі,
шаруашылық әрекетінің әсерінен болатын табиғаттағы өзгерістерді бақылау туралы білімдерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың танымдық білімін арттыруға және ой – өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Қоршаған ортаға деген көз қарасты қалыптастыра отырып, табиғатты аялауға, өсімдіктері мен жануарларын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, СТО, Кластер стратегиясы, ТСН, деңг. оқыту;
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер;
Пән аралық байланыс: Биология, жаратылыстану, химия, экология;

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
б) Сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын сұрау
1 - тапсырма 1топқа (тест)
2 - тапсырма 2 топқа (сәйкестендіру)
3 - тапсырма 3топ қа (тақтамен жұмыс)
Тест
1. Солтүстік Қазақ жазығының өзендері?
а. Іле, Шу
в. Сырдария, Сарысу,
с. Есіл, Ертіс
д. Жайық. Жем
2. Шөл зонасының алып жатқан аумағы?
а. 30%
в. 40%
с. 25%
д. 65%
3. Мұғалжар тауының ең биік жері?
а. Бесшоқы
в. Боқтыбай
с. Бесбақан
д. Ұлытау
4. Тянь - Шянь тауын зерттеген орыс ғалымы?
а. А. Н. Краснов
в. П. П. Семенов
с. Л. С. Берг
д. И. В. Мушкетов
5. Тянь - Шянь табиғатындағы ұйымдастырылған қорықтар?
а. Ақсу - Жабағылы
в. Марқакөл
с. Алтай
д. Алакөл
6. Сауыр – Тарбағатай тауларының батыс бөлігіндегі аудан?
а. Тұран
в. Қазақ жазығы
с. Шығыс Еуропа
д. Сарыарқа
7. Жоңғар қақпасынан соғатын жел?
а. Сайқан
в. Мұғалжар
с. Қордай
д. Шілік

ІІ Сәйкестендіру?
1. Рахман бұлағы ------------------- а. Әйет, Лиқсаков
2. В. Докучаев ----------------------- в. Алтай тауында
3. Темір кені -------------------------- с. Бұқтырма
4. Ең үлкен мұздық ----------------- д. Сарыарқа
5. Қазақтың ұсақ шоқысы --------- е. Корженевский
6. Ертіс өзеніндегі су қоймасы --- ж. Топырақтану

Сөзжұмбақ
Сұрақтары:
1. Физикалық аудандар саны? (Тоғыз)
2. Арал маңы, Үстірт қай физикалық аймаққа кіреді? (Тұран)
3. Солтүстік Қазақ жазығының өзені? (Тобыл)
4. Қорғалжың қорығының көркі? (Қоқиқаз)
5. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)
6. Түсті металға бай аудан? (Алтай)
7. Алтай тауының ең биік шыңы? (Мұзтау)

ІІ. Жаңа сабақ.
Табиғат – қоршаған орта. Қоршаған ортадағы - су, ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер, жануарлар – табиғи қорлар.

Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан - жақты толық пайдалану.

Табиғи қорлар
1) Отын - энергетикалық қорлар
2) Минералдық қорлар
3) Климаттық қорлар
4) Су қорлары
5) Топырақ – өсімдік қорлары
6) Жануарлар дүниесінің қорлары

Табиғи қорлар және өндіріс
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын - энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 572
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның табиғи қорлары
Қазақстанның табиғи қорлары
Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау, сөздік қорын байыту, тәуелдене септеуді қайталап, морфологиялық және синтаксистік талдау жүргізіп, білімдерін тиянақтау - ҰБТ - ға дайындық ретінде.
Қорықтар
Қорықтар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Алтай
Алтай
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Табиғи қорлар
Табиғи қорлар
Табиғи қорлар тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін тереңдету, нақтылау және толықтыру. Оқушыларды іскерлікке, ізденушілікке үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×